Тақырып Тапсырмалар каталогы
Сандарды қосу. «+» белгісі
• санау дағдыларын бекітесің;
• заттар топтарын және сәйкес сандарды салыстыруды үйренесің;
• қосу амалымен және «+» белгісімен танысасың;
• қосу теңдігін қалай дұрыс оқитынын білесің;
• сызбалық суреттер бойынша қосу теңдігін құрастыруды үйренесің;
• қосу өрнектерін есептеуді жаттығасың.
• заттар топтарын және сәйкес сандарды салыстыруды үйренесің;
• қосу амалымен және «+» белгісімен танысасың;
• қосу теңдігін қалай дұрыс оқитынын білесің;
• сызбалық суреттер бойынша қосу теңдігін құрастыруды үйренесің;
• қосу өрнектерін есептеуді жаттығасың.
Қай көкөністер үшеу? Таңда.
Алдыңғы сандарды таңда.
Заттарға сәйкес сандарды таңда.
Жіберілген сандарды таңда.
Қай түсті шеңбер біреу?
Оны таңда.
Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.
Әртүрлі қоршауда тұрған қойларға қара.
Мұнда екі қой, ал мұнда біреу.
Қойларды бір қоршауға біріктірейік.
Енді қойлар бірге.
Олар барлығы үшеу.
Математикада заттарды бір топқа біріктіру – бұл қосу амалы.
Қосу теңдігін «плюс» белгісімен жазады.
Теңдікті былай оқиды:
екіге бірді қосу, үш болады
немесе екіге бірді қосу үш болады.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Сызбалық сурет бойынша сандармен теңдік жазайық.
Экранға қара.
Міне, бір доп.
Оған тағы бір доп қосайық.
Доптар екеу болды.
Қажетті сандарды тиісті орынға апарайық.
Бір плюс бір – екі болды.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.
Барлық плюс белгілерін тап.
Оларды таңда.
Қосу амалында алдымен әр топтағы заттардың санын жазады,
тең белгісінен кейін барлық заттардың санын жазады.
Сызбалық сурет бойынша сандармен теңдік құрастыр.
Сызбаны толтыр.
Қажетті саңырауқұлақтарды қой.
Сан сызығы арқылы есепте.
Сәйкес санды таңда.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.