Тақырып Тапсырмалар каталогы
Қосу теңдеулерінен азайту теңдеулерін құрастыру
• Екі санның қосындысы мен айырмасын табуды үйренесің;
• Қосу мен азайтудың байланысын білесің;
• Қосу теңдеулерінен азайту теңдеулерін құрастыруды үйренесің;
• 10 шегінде қосу мен азайту өрнектерін есептеуді жаттықтырасың;
• Сызғышпен кесіндінің ұзындығын анықтауды және дұрыс нәтижені таңдауды жетілдіресің.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.
Өлшеу нәтижелерін таңда.
Есепте. Дұрыс сандарды таңда.
Ең қысқа кесіндіні тап.
Оны таңда.
«үлкен», «кіші» немесе «тең» таңбасын қой.
Бос орындарды толтыр. Дұрыс сандарды таңда.
Әр әмиянда тиын санын сегізге дейін толықтыр.
Бос орындарды толтыр. Дұрыс сандарды таңда.
Домино ойна.
Келесі сүйектерді таңда.
Қосу теңдеуінен екі азайту теңдеуін құрастыруға болады.
Мысалы, алты өрікке үш өрік қосты.
6 плюс 3 тең 9.
6 — бірінші қосылғыш, 3 — екінші қосылғыш, 9 — қосынды.
Осы теңдеуден екі азайту теңдеуін қалай құрастыруға болады?
Қосындыдан екінші қосылғышты азайтамыз,
сонда бірінші қосылғышты аламыз.
9 минус 3 тең 6.
Немесе қосындыдан бірінші қосылғышты азайтсақ, екінші қосылғышты аламыз.
9 минус 6 тең 3.
Яғни, 6 плюс 3 тең 9 қосу теңдеуінен
екі азайту теңдеуін құрастырдық.
9 минус 3 тең 6.
9 минус 6 тең 3.
Кел, бірге тапсырма орындайық.
Экранға қара.
5 плюс 4 тең 9 қосу теңдеуінен
үш азайту теңдеулерін құрастыр.
Артық азайту теңдеуін тап және оны таңда.
Артық теңдеу — 9 минус 2 тең 7,
өйткені ол қосу теңдеуіне қатысы жоқ.
Оны таңдаймыз.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.
Әр қосу теңдеуінен үш азайту теңдеуін құрастыр.
Артық азайту теңдеулерін тап.
Оларды таңда.
Сандар құрамын толықтыр.
Әр қосу теңдеуінен екі азайту теңдеуін құрастыр.
Дұрыс теңдеулерді таңда.
Есепте. Дұрыс сандарды таңда.
Қосу теңдеулеріне дұрыс азайту теңдеулерін таңда.
Қандай сандар құрамы көрсетілген?
Оларды таңда.
Әр қосу теңдеуінен екі азайту теңдеуін құрастыр.
Дұрыс сандарды да таңда.