Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Белгісіз қосындыны табу


• Берілген санға көрші сандарды таңдауды үйренесің;
• Белгісіз қосындыны қалай табуға болатынын білесің және оны табуды үйренесің;
• Қосу теңдіктерінен азайту теңдіктерін құрастыруды жаттықтырасың;
• Қосу және азайту өрнектерін есептеуді жетілдіресің;
• 10 шегіндегі сандардың құрамын бекітесің.



Көрші сандарды таңда.

«үлкен», «кіші» немесе «тең» таңбасын қой.

Сандар құрамын толтыр.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Әр қосу теңдігінен екі азайту теңдігін құрастыр. Дұрыс сандарды таңда.

Жазуды оқы. 3 плюс 2 тең 5. 3 – бірінші қосылғыш, 2 – екінші қосылғыш, 5 – қосынды.
Егер қосындыдан бірінші қосылғышты азайтсақ, екінші қосылғышты аламыз. 5 минус 3 тең 2.
Демек, белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керек.
Мысалы, бірінші қосылғыш – 4, екінші қосылғыш – белгісіз, қосынды – 6.
Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамыз. 6 минус 4 тең 2.
Яғни, белгісіз қосылғыш – 2 саны. Сол сияқты белгісіз бірінші қосылғышты табамыз.
Бірінші қосылғыш – белгісіз, екінші қосылғыш – 2, қосынды – 6.
Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамыз.
6 минус 2 тең 4. Яғни, белгісіз қосылғыш – 4.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Өрнектерді есептейміз, керек сандарды таңдап, бос ұяшықтарға апарамыз.
Экранға қара. 8 минус 4 болады 4.
7 минус 6 болады 1.
Келесі тапсырмаларды өз бетіңше орында.

Белгісіз қосылғышты тап. Теңдік құрастыр.

Домино ойна. Келесі сүйектерді таңда.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Теңгені сана, дұрыс сандарды таңда және теңсіздік құрастыр.

Дұрыс теңдіктерді тап. Таңда.

Қай сандардың құрамы көрсетілген.
Оларды таңда.