Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Белгісіз азайтқышты табу


• Берілген санға дейінгі алдыңғы санды таңдауды үйренесің;
• Белгісіз азайтқышты қалай табуды білесің және оны табуды үйренесің;
• 10 шегінде қосу мен азайту өрнектерін есептеуді жаттықтырасың;
• Шынайы теңсіздіктерді табу дағдысын жетілдіресің;
• Қосу мен азайту «тізбек» өрнектерін есептеуді үйренесің.



Әр санға алдыңғы санды таңда.

Дұрыс теңсіздіктер мен теңдіктерді тап. Оларды таңда.

Сандар құрамын толтыр.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Жазбаны оқы. 7 минус 3 тең 4. 7 – азайғыш, 3 – азайтқыш, 4 – айырма.
Егер азайғыштан айырманы азайтсақ, азайтқышты аламыз: 7 минус 4 тең 3.
Демек, белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманы азайту керек.
Мысалы, азайғыш – 9, азайтқыш – белгісіз, айырма – 5.
Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманы азайтамыз.
9 минус 5 тең 4. Яғни, белгісіз азайтқыш – бұл 4 саны.
Кел, бірге тапсырманы орындайық. Белгісіз азайтқышты табамыз және өрнек құрамыз.
Экранға қара. Азайғыш – 6, азайтқыш – белгісіз, айырма – 3.
Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманы азайтамыз.
Яғни 6 минус 3 тең 3.
Өрнекті жазамыз.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.

Белгісіз азайтқышты тап. Теңдікті құр.

Тізбекті мысалдарды есепте.
Қоянға түлкіден орманға қашуға көмектес.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Ең қысқа кесіндіні тап.
Оны таңда.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Қай сандардың құрамы көрсетілген? Оларды таңда.