Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Белгісіз азайғышты табу


• Берілген санға келесі санды таңдауды үйренесің;
• Белгісіз азайғышты қалай табуға болатынын білесің және оны табуды үйренесің;
• 10 шегінде қосу мен азайту өрнектерін есептеуді жаттықтырасың;
• Теңдік пен теңсіздікті табу дағдыңды дамытасың;
• «Домино» ойынын ойнайсың.



Әр санға келесі санды таңда.

Дұрыс теңсіздіктер мен теңдіктерді тап. Оларды таңда.

Сандар құрамын толтыр.

Дұрыс теңдіктерді тап. Оларды таңда.

Жазбаны оқы. Үштен бірді азайтсақ, екі болады. Үш – азайғыш, бір – азайтқыш, екі – айырма.
Егер айырмаға азайтқышты қоссақ, азайғышты аламыз. Екі плюс бір – үш.
Демек, белгісіз азайғышты табу үшін айырмаға азайтқышты қосу керек.
Егер азайтқышқа айырманы қоссақ, тағы да азайғышты аламыз.
Сондықтан белгісіз азайғышты табу үшін айырмаға азайтқышты немесе азайтқышқа айырманы қосу керек.
Азайғыш – белгісіз, азайтқыш – 2, айырма – 7.
Белгісіз азайғышты табу үшін айырмаға азайтқышты қосамыз. 7 плюс 2 – 9.
Яғни, белгісіз азайғыш – 9 саны.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Белгісіз азайғышты табайық және өрнек құрамыз..1100:00:56,440 --> 00:00:57,820Экранға қара.
Азайғыш – белгісіз,
азайтқыш – 3,
айырма – 4.
Белгісіз азайғышты табу үшін айырмаға азайтқышты қосамыз.
Яғни, 4 плюс 3 – 7
Өрнекті жазамыз
Келесі тапсырмаларды өзің орында

Белгісіз азайғышты тап. Теңдік құр.

Домино ойна. Келесі сүйектерді таңда.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Ең ұзын кесіндіні тап, оны таңда.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Қай сандардың құрамы көрсетілген? Оларды таңда.