Тақырып Тапсырмалар каталогы
Сан және 4 саны
• 4 санымен және цифрымен танысасың;
• 4 санын қалай жазу керек екенін білесің;
• Сан мен цифрды және сәйкес заттар санын сәйкестендіруді үйренесің;
• Заттардың санын төртке дейін толықтыруды жаттығасың;
• Ақшаны санауды және дұрыс санды таңдауды үйренесің;
• «Домино» ойынын ойнайсың.

Міне, төрт жираф. Оларды сана.
Төрт санын қара.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Төрт жануарды тап.
Экранға қара.
Бұл аю – біреу.
Бұл қояндар – екеу.
Бұл түлкілер – үшеу.
Ал бұл қасқырлар – төртеу.
Оларды таңда.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.
Кірпі неше саңырауқұлақ әкелді?
Дұрыс санды таңда.
Төрт бірдей дәптерді тап.
Оларды таңда.
Жолға төрт машина қой.
4 санын қалай жазу керек екенін қара.
Сан сәулесін қара.
4 санын тап, оны таңда.
Тарап кеткен 4 санын құрастыр. Дұрыс бөліктерді параққа жылжыт.
4 санын тап, оны таңда.
Заттарға дұрыс сандарды таңда.
Жолбарыстарды санап, сонша арыстан қой.
Мысықтардың санын төртке дейін толықтыр.
Тиындарды сана. Дұрыс санды таңда.
Домино ойна.
Келесі сүйектерді таңда.
Теңгені сана, дұрыс санды таңда.
Иттерді солдан оңға сана.
Төртінші итті тап.
Оны таңда.