Тақырып   Тапсырмалар каталогы

2 санын қосу және азайту. Өрнек пен санды салыстыру


• 2 санын сандық сәуле арқылы қалай қосуға және азайтуға болатынын үйренесің;
• 1, 2 және 0 сандарын қосу мен азайту дағдыларын жетілдіресің;
• Қосынды мен айырмадағы белгісіз компоненттер мен нәтижені табуды жаттықтырасың;
• Өрнек пен санды салыстыруды үйренесің;
• «Домино» ойынын ойнайсың.



Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

2 санын сандық сәуле арқылы қалай қосуға болатынын қарастырайық.
Мысалы, 3-ке 2-ні қосу үшін, 3-тен сандық сәуледе оңға қарай 2 қадам жасау керек.
5 шығады.
Есіңде сақта. Сандық сәуледе кез келген санды қосу үшін, оңға қосылатын санға сәйкес қадам жасау керек.
Одан әрі де осылай ойлаймыз: 1-ге 2-ні қоссақ, 3 болады,
2-ге 2-ні қоссақ, 4 болады,
3-ке 2-ні қоссақ, 5 болады,
4-ке 2-ні қоссақ, 6 болады,
5-ке 2-ні қоссақ, 7 болады,
6-ға 2-ні қоссақ, 8 болады,
7-ге 2-ні қоссақ, 9 болады,
8-ге 2-ні қоссақ, 10 болады.
2 санын қосу нәтижелерін жаттап ал.

Сандық сәуле арқылы есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Бос орындарды толтыр. Дұрыс сандарды таңда.

Қосылғыштарды таңда. Дұрыс сандарды қой.

Ең үлкен санды тап.
Оны таңда.

Қосылғыштарды таңда. Дұрыс сандарды қой.

Бос орындарды толтыр. Дұрыс сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Галина бақшадан 4 қызанақ және 5 қияр әкелді.
Галина бақшадан неше көкөніс әкелді?

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

2 санын сандық сәуле арқылы қалай азайтуға болатынын қарастырайық.
Мысалы, 5-тен 2-ні азайту үшін, 5-тен сандық сәуледе солға қарай 2 қадам жасау керек.
3 шығады.
Есіңде сақта. Сандық сәуледе кез келген санды азайту үшін, солға азайтылатын санға сәйкес қадам жасау керек.
Одан әрі де осылай ойлаймыз: 3-тен 2-ні азайтсақ, 1 болады,
4-тен 2-ні азайтсақ, 2 болады,
5-тен 2-ні азайтсақ, 3 болады,
6-дан 2-ні азайтсақ, 4 болады,
7-ден 2-ні азайтсақ, 5 болады,
8-ден 2-ні азайтсақ, 6 болады,
9-дан 2-ні азайтсақ, 7 болады,
10-нан 2-ні азайтсақ, 8 болады.
2 санын азайту нәтижелерін жаттап ал.

Сандық сәуле арқылы есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Бос орындарды толтыр. Дұрыс сандарды таңда.

Азайғышты таңда.
Дұрыс сандарды қой.

Домино ойна. Дұрыс тастарды таңда.

Азайғышты таңда.
Дұрыс сандарды қой.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Алаңда 9 бала ойнап жүрді.
Олардың 5-і үйге кетті.
Алаңда неше бала қалды?

Өрнек пен санды салыстыр.
«үлкен», «кіші» немесе «тең» таңбасын қой.