Тақырып Тапсырмалар каталогы
6 санын қосу және азайту
• 6 санын сан сәулесі арқылы қалай қосу және азайту керегін үйренесің;
• 6 санын қосу және азайту өрнектерін есептеуді үйренесің;
• Дұрыс теңдіктерді табуды жаттықтырасың;
• Сандардың қосындысы мен қалдығын, айырмасын табу есептерін шешуді дамытасың;
• Қосылғыштар мен азайғыштарды және қосу мен азайту нәтижесін табасың.

Есепте. Қажетті сандарды таңда.
Есепте. Қажетті сандарды таңда.
6 санын сан сәулесі арқылы қалай қосуға болатынын қарастырайық.
Мысалы, 2-ге 6-ны қосу үшін,
2 санынан сан сәулесінде оңға қарай 6 қадам жасау керек.
8 шығады.
Одан әрі де осылай ойлаймыз: 1-ге 6-ны қоссақ 7 болады,
2-ге 6-ны қоссақ 8 болады,
3-ке 6-ны қоссақ 9 болады,
4-ке 6-ны қоссақ 10 болады.
6 санын қосу нәтижелерін жаттап ал.
Сан сәулесіне назар аудар және теңдік құр.
Сәйкес сандар мен таңбаларды таңда.
Бос орындарды толтыр. Сәйкес сандарды таңда.
Қосылғыштарды таңда. Сәйкес сандарды жаз.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Әже саңырауқұлақ сорпасын қайнатты.
Ол 4 үлкен саңырауқұлақ пен 6 кішкентай саңырауқұлақ қолданды.
Әже сорпаға барлығы неше саңырауқұлақ қолданды?
Дұрыс теңдіктерді тап. Таңда.
Бос орындарды толтыр. Сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Көлде 6 аққу жүзіп жүрді.
2 аққу ұшып кетті.
Көлде неше аққу қалды?
Есепте. Қажетті сандарды таңда.
6 санын сан сәулесі арқылы қалай азайтуға болатынын қарастырайық.
Мысалы, 9-дан 6-ны азайту үшін,
9 санынан сан сәулесінде солға қарай 6 қадам жасау керек.
3 шығады.
Одан әрі де осылай ойлаймыз: 7-ден 6-ны азайтсақ 1 болады,
8-ден 6-ны азайтсақ 2 болады,
9-дан 6-ны азайтсақ 3 болады,
10-нан 6-ны азайтсақ 4 болады.
6 санын азайту нәтижелерін жаттап ал.
Сан сәулесіне назар аудар және теңдік құр.
Сәйкес сандар мен таңбаларды таңда.
Бос орындарды толтыр. Сәйкес сандарды таңда.
Азайғышты таңда.
Тиындарды сана. Сәйкес сандарды таңда.
Дұрыс теңдіктерді тап. Таңда.
«үлкен», «кіші» немесе «тең» таңбасын қой.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Бірінші көпқабатты үй тұрғындарына пошташы 5 хат, екіншіге – 7 хат әкелді.
Пошташы екінші үйге неше хат артық әкелді?
Тізбекті есептерді шеш. Араға ұяға жетуге көмектес.