Тақырып Тапсырмалар каталогы
Дециметр. Кесінділердің ұзындығын дециметрмен және сантиметрмен өлшеу
• Ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі – дециметр және оның қысқартылған белгісімен танысасың;
• Сызғышпен сурет бойынша кесіндінің ұзындығын анықтауды, өлшеу нәтижесін жазуды және сантиметрді дециметр мен сантиметрге айналдыруды үйренесің;
• Екінші ондықтағы сандарда бірліктердің санын анықтауды және көрсетілген ондықтар мен бірліктер саны бар сандарды таңдауды жаттықтырасың;
• Екі амалға өрнектерді есептеуді үйренесің.

Жоғалған сандарды таңда.
Қарындаштарды санап, дұрыс сандарды таңда.
«үлкен», «кіші» немесе «тең» таңбасын қой.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Әке 8 литр жүзім шырынын сатып алды.
Бір аптада 6 литр ішілді.
Шырыннан қанша литр қалды?
Дұрыс бірліктер санын таңда.
Кесіндіге қара.
Кесіндінің ұзындығы қандай?
10 сантиметр.
10 сантиметр – бұл 1 дециметр.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Кесіндінің ұзындығын анықтаймыз және дециметр мен сантиметрдегі өлшеу нәтижесін таңдаймыз.
Экранға қара.
Бұл кесіндінің ұзындығы – 19 сантиметр, ол 1 дециметр және 9 сантиметрге тең.
Дұрыс сандарды сүйреп апар.
Келесі тапсырмаларды өз бетіңше орында.
Әр кесіндінің ұзындығын анықта.
Өлшеу нәтижелерін таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Үлкен шоқта 50 пияз, ал кішісінде – 20.
Үлкен шоқта неше пияз артық?
Үлгі бойынша түрлендіруді орында.
Дұрыс сандарды таңда.
Көрсетілген ондықтар мен бірліктер саны бар сандарды таңда.
Көршілес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Бірінші А сыныбында 30 оқушы, ал бірінші Б-де – 20.
Бірінші сыныптарда барлығы неше оқушы бар?
30-ға арттыр. Дұрыс сандарды таңда.
Есепте. Дұрыс сандарды таңда.