Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Разрядтық санды екі таңбалы санға қосу (45 + 20). Разрядтық санды екі таңбалы саннан азайту (45 – 20)


• 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды қосу және азайтуды үйренесің;
• Екі таңбалы санда ондықтар мен бірліктерді анықтайсың;
• 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту дағдыларын жетілдіресің;
• Белгісіз азайғышты табу, санды бірнеше бірлікке арттыру және азайту есептерін шығарасың;
• Килограмммен берілген атаулы сандарды салыстыруды жаттықтырасың.



Көрші сандарды таңда.

Есепте. Спортшыларға сәйкес шарларды таңда.

Ондықтар мен бірліктер санын тап. Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Тоғызыншы сыныпта 16 оқушы оқиды,
ал оныншы сыныпта 5 оқушыға аз.
Оныншы сыныпта неше оқушы оқиды?

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Жіберілген сандарды таңда.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Алаңда көп ұлу болды.
Алты ұлу жапырақтардың астына жасырынғаннан кейін, он жеті ұлу қалды.
Басында алаңда неше ұлу болды?

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Сандарды таңда, олар бар.

64-ке 30-ды қалай қосамыз?
64 санын ондықтар мен бірліктерге бөлеміз.
64 – бұл 6 ондық және 4 бірлік.
60 плюс 4.
6 ондыққа 3 ондық қосамыз.
9 ондық аламыз.
Бұл 90 саны.
90 плюс 4 тең 94.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Өрнекті есептейік және сәйкес санды таңдайық.
Экранға қара.
Бізге 45 плюс 20 өрнегін есептеу керек.
45 санын ондықтар мен бірліктерге бөлеміз.
45 саны – бұл 4 ондық және 5 бірлік.
4 ондыққа 2 ондық қосамыз.
6 ондық аламыз.
Бұл 60 саны.
60-қа 5 қосамыз.
65 аламыз.
Яғни, 60 плюс 5 тең 65.
Сәйкес санды бос ұяшыққа апар.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.

75-тен 40-ты қалай азайтамыз?
75 санын ондықтар мен бірліктерге бөлеміз.
75 – бұл 7 ондық және 5 бірлік.
70 плюс 5.
7 ондықтан 4 ондықты азайтамыз.
3 ондық аламыз.
Бұл 30 саны.
30 плюс 5 тең 35.
Кел, бірге тапсырманы орындайық.
Өрнекті есептейік және сәйкес санды таңдайық.
Экранға қара.
Бізге 97-30 өрнегін есептеу керек.
97 санын ондықтар мен бірліктерге бөлеміз.
97 саны – бұл 9 ондық және 7 бірлік.
9 ондықтан 3 ондықты азайтамыз.
6 ондық аламыз.
Бұл 60 саны.
60-қа 7 қосамыз.
67 аламыз.
Яғни, 97-30 тең 67.
Сәйкес санды бос ұяшыққа апар.
Келесі тапсырмаларды өзің орында.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.