Тақырып Тапсырмалар каталогы
Бөлуді көбейтуге байланыстыру. Белгісіз бөлінгішті табу. Үш амалға есеп шығару
• Кестелік көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын жетілдіресің;
• Көбейтуге теңдік арқылы екі бөлуге теңдік құрастыруды үйренесің;
• Бөлудің құрамдас бөліктері мен нәтижесінің атауларын еске түсіресің;
• Белгісіз бөлінгішті қалай табуға болатынын білесің және оны табуды үйренесің;
• Есептеу нәтижесі бойынша екі амалға өрнек құрастыруды үйренесің;
• Белгісіз азайғышты табу және шаршының периметрін есептеу есептерін шығарасың.

Бақаға тырнадан қашуға көмектес.
Есепте және дұрыс сандарды таңда.
Төртбұрыштан бұрыш кесіп алынды.
Қандай фигура шықты?
Дұрыс атауды таңда.
Өрнектерді есепте. Әр парашютшіге дұрыс бұлтқа қонуға көмектес.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
47 метр атлас таспа сатылғаннан кейін,
дүкенде осындай таспадан 36 метр қалды.
Дүкенде неше метр атлас таспа болды?
Шарларды ұшыр. Есепте және дұрыс сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Бір көйлек тігуге 3 метр мата керек,
ал бір костюмге – 5 метр.
Көйлек тігуге 27 метр мата жұмсалды,
ал костюм тігуге – 35 метр.
Қайсысы көп – көйлек пе, әлде костюм бе және қаншаға?
Әр өрнек үшін есептеу нәтижесін таңда.
Сонда сен дәл тигізесің.
Өрнектерді есепте.
Әр көбейтуге теңдіктен екі бөлуге теңдік құрастыр.
Дұрыс сандарды таңда.
Бөлудегі сандардың атауларын еске түсір.
45-ті 5-ке бөлсек, 9 шығады.
45 саны – бөлінгіш.
5 – бөлгіш.
9 – бөлінді.
Мысалы, белгісіз бөлінгішті 4-ке бөлгенде 6 шықты.
Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?
Бөліндіні бөлгішке көбейту керек.
6-ны 4-ке көбейтсек, 24 болады.
Белгісіз бөлінгіш – 24.
Сонымен, белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндіні бөлгішке көбейту керек.
Белгісіз бөлінгішті тап. Дұрыс сандарды таңда.
Шаршы пішінді майлықты жиектеу үшін неше метр мата керек?
Есепте және дұрыс сандарды таңда.
Белгісіз бөлінгішті тап. Дұрыс сандарды таңда.
Есептеу нәтижесі бойынша өрнек құрастыр.
Дұрыс сандарды таңда.