Тақырып   Тапсырмалар каталогы

9 санына бөлу кестесі


• 9 санына бөлу кестесін құрастыруды үйренесің, 9 санының көбейту кестесін қолданып және көбейту мен бөлудің байланысын қолданасың;
• 9 санына бөлу кестесін есептеулерде қолдануды жаттықтырасың;
• Көбейту мен бөлуге қарапайым және күрделі есептерді шығарасың;
• Айнымалысы бар өрнектің мәнін, айнымалының берілген мәнінде табасың;
• Сантиметр, дециметр және метрмен берілген атаулы сандарды салыстырасың;
• 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту дағдыларын жетілдіресің.



Есіңе түсір, егер көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсең, екінші көбейткішті аласың.
Мысалы, 9-ды 3-ке көбейту 27-ге тең.
27-ні 9-ға бөлсең, 3 шығады.

9 санына көбейту теңдіктерінен 9-ға бөлу теңдіктерін құрастыр.
Сәйкес сандарды таңда.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

1 гривнаны тиындарға айырбаста.
Сәйкес тиындарды таңда.

Үлкен, кіші немесе тең таңбасын қой.

Өрнектерді есепте. Әр парашютшіні дұрыс бұлтқа қондыруға көмектес.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Ата 63 гривна жұмсады, немерелеріне әрқайсысына 9 гривнадан шоколад сатып алды.
Ата неше шоколад сатып алды?

Дельфиндерге өз доптарын табуға көмектес.
Алдымен өрнекті, содан кейін дұрыс есептеу нәтижесін таңда.

Айнымалысы бар өрнектердің мәнін есепте.
Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Бір үлкен қайыққа 12 адам сыяды,
ал кішкентай қайыққа үлкен қайықтан 3 есе аз адам сыяды.
Тоғыз кішкентай қайыққа неше адам сыяды?

Жануардың фигурасын құрастыр. Сәйкес бөліктерді таңда.

Өрнектерді есепте және сәйкес сандарды таңда.
Сонда суретші не салғанын білесің.

Есептеу нәтижелерін таңда және жасырын сөзді оқы.