Тақырып Тапсырмалар каталогы
Көбейту амалы. Көбейту белгісі. Қосындыны көбейтумен, ал көбейтуді қосындымен ауыстыру
• Арифметикалық көбейту амалымен және көбейту белгісімен танысасың;
• Бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен, ал көбейтуді – бірдей қосылғыштардың қосындысымен ауыстыруды үйренесің;
• Заттарды санап, санау нәтижесін көбейту түрінде жазуды жаттығасың;
• Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған қарапайым есептерді шығарып, есептің шешімін көбейту амалымен жазуды үйренесің;
• Ақшаны санап, дұрыс санды таңдауды жаттығасың.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.
Суретте неше шие бар?
2-ге 2-ні қосу, тағы 2-ні қосу, тағы 2-ні қосу, барлығы 8 болады.
Бұл қосындыда төрт қосылғыш бар, әрқайсысы екіге тең.
Есіңде сақта! Бірдей қосылғыштардың қосындысын басқа арифметикалық амалмен – көбейтумен ауыстыруға болады. Көбейту амалы нүктемен белгіленеді.
Сонда бірдей қосылғыштардың қосындысын басқаша жазамыз: бұл өрнекте 2 – қайталанатын қосылғыш.
4-ке көбейтеміз – бірдей қосылғыштардың саны.
Барлығы 8 болады.
Назар аудар! Теңдікті былай оқимыз: «Екі көбейтілген төрт, сегізге тең»,
немесе «2-ні 4 рет алсақ, 8 болады».
Сөреде неше кесе бар?
Алдымен есепті қосу амалымен шығар,
сосын көбейту амалымен шығар.
Қосу амалын көбейту амалымен ауыстыр.
Дұрыс өрнектерді таңда да, пазлдарды құрастыр.
Тиындарды сана.
Дұрыс сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр да, есепті шығар.
100 шақырым жүру үшін жүк көлігі 18 литр бензин жұмсайды, ал жеңіл көлік – 8 литр бензин жұмсайды.
Екі көлік 100 шақырым жүргенде қанша литр бензин керек?
Алдымен көбейту өрнегін таңда, сосын оған сәйкес қосу өрнегін таңда.
Теңгені сана.
Дұрыс сандарды таңда.
Шаршыларды сана да, дұрыс көбейту өрнегін кранға апар.
Сонда кран жұмыс істейді.
Қысқа жазба құрастыр да, есепті қосу амалымен шығар.
100 шақырым жүру үшін жеңіл көлік 8 литр бензин жұмсайды.
Үш жеңіл көлік 100 шақырым жүргенде қанша литр бензин керек?
Алдымен көбейту өрнегін таңда, сосын оған сәйкес қосу өрнегін таңда.
Шаршыларды сана да, дұрыс көбейту өрнегін кранға апар.
Сонда кран жұмыс істейді.
Көліктің гаражға жетуіне көмектес.
Есепте де, дұрыс сандарды таңда.