Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Көбейтудің компоненттерінің атауларын және нәтижесін ата (көбейткіш, көбейтінді терминдерімен танысу). Көбейтудің ауыстырымдылық заңы


• Бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен, ал көбейтуді – бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыруды үйренесің;
• Көбейтудің компоненттерінің атауларымен және нәтижесімен танысасың және көбейту теңдігін қалай дұрыс оқу керек екенін білесің;
• Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған қарапайым есептерді шешу дағдыларын жетілдіресің және есептің шешуін көбейту арқылы жазуды үйренесің;
• Көбейтудің ауыстырымдылық заңымен танысасың, оны өрнектердің мәнін есептеу үшін қолдануды үйренесің.



Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Қосуды көбейтумен алмастыр.
Дұрыс өрнектерді таңда және пазлдарды құрастыр.

Ақшаны сана. Дұрыс сандарды таңда.

Алдымен көбейту өрнегін, содан кейін оған сәйкес қосу өрнегін таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Бақшада 12 қарбыз пісті.
5 қарбызды жұлып алды.
Бақшада қанша қарбыз қалды?

Қосуды көбейтумен алмастыр.
Дұрыс өрнектерді таңда және пазлдарды құрастыр.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.

Алдымен көбейту өрнегін, содан кейін оған сәйкес қосу өрнегін таңда.

7-ні 4-ке көбейту 28-ге тең.
Көбейтетін сандарды көбейткіштер деп атайды.
Ал көбейту нәтижесі – көбейтінді.
Осы теңдікте 7 – бірінші көбейткіш.
4 – екінші көбейткіш.
28 – көбейтінді.
Теңдікті әртүрлі оқуға болады.
7-ден 4 рет алсақ, 28 болады.
7-ні 4-ке көбейту 28-ге тең.
7 мен 4 сандарының көбейтіндісі 28-ге тең.
Бірінші көбейткіш – 7.
Екінші көбейткіш – 4.
Көбейтінді – 28.

Өрнекке дұрыс жазуды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепке қосуды таңдап шеш.
Әмиянда 7 купюра, әрқайсысы 5 теңгеден.
Әмиянда қанша ақша бар?

Егер 5-ті 6-ға көбейтсең 30 болады, ал 6-ны 5-ке көбейтсең де 30 болады.
Есте сақта!
Көбейткіштердің орнын ауыстырсаң, көбейтінді өзгермейді.

Көбейтудің ауыстырымдылық заңын қолданып, дұрыс өрнектерді таңда.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда.