Тақырып   Тапсырмалар каталогы

2 санының көбейту кестесін құрастыру. Көбейтуге арналған есептерді шешу


• 2 санының көбейту кестесін зерттейсің, оны құрастыруды және кестедегі нәтижелерді есептеулерде қолдануды үйренесің;
• 2 санының көбейту кестесін қолданып, белгісіз көбейткіш пен көбейтіндіні таңдауды жаттықтырасың;
• көбейтуге арналған есептерді шешу дағдысын жетілдіресің;
• көбейту амалында ауыстырымдылық заңын қолданып, бірдей мәні бар өрнектерді таңдауды жаттықтырасың.



Екі санның көбейтіндісін бірдей қосылғыштарды қосу арқылы табу ыңғайсыз, сондықтан 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарының көбейту кестесін құрастырды.
Қара, 2 санының көбейту кестесі қалай құрастырылған.
Кестені оқы.
Қандай ерекшелікті байқадың?
Егер алдыңғы өрнектің мәніне 2 санын қоссақ, келесі өрнектің мәнін аламыз.
2-ні 2-ге көбейту 4-ке тең.
2-ні 3-ке көбейту 4 плюс 2, яғни 6-ға тең.
2-ні 4-ке көбейту 6 плюс 2, яғни 8-ге тең.
2-ні 5-ке көбейту 8 плюс 2, яғни 10-ға тең.
2-ні 6-ға көбейту 10 плюс 2, яғни 12-ге тең.
2-ні 7-ге көбейту 12 плюс 2, яғни 14-ке тең.
2-ні 8-ге көбейту 14 плюс 2, яғни 16-ға тең.
2-ні 9-ға көбейту 16 плюс 2, яғни 18-ге тең.
2 санының көбейту кестесін жаттап ал.

Сәйкес сандарды таңда.

Сурет бойынша есеп құрастыр және сұрақпен есепті шеш:
"Алты қаздың жалпы массасы қандай?"

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Зоопаркте 8 маймылға 2 бананнан берді.
Маймылдарға барлығы неше банан берілді?

Көбейту амалында ауыстырымдылық заңын қолданып, 2 санына көбейту кестесін құрастыр.
Сәйкес сандарды таңда.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Тізбекті орнат және сандар қатарын жалғастыр.
Сәйкес сандарды таңда.

Сәйкес сандарды таңда.

Есепте.
Алдымен бірдей мәні бар өрнектерді таңда,
сосын есептеу нәтижесін гүлге таңда.

Көбейтінділерді тап.
Сәйкес сандарды таңда.