Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Бөлу амалы. Бөлу белгісі. Көбейту мен бөлудің байланысы. Бірінші деңгейдегі амалдарға есептер шығару


• Арифметикалық бөлу амалымен танысасың, бөлу белгісімен және бөлу өрнектерін дұрыс оқуды үйренесің;
• Көбейту мен бөлу амалдарының байланысы туралы білесің, көбейту теңдігінен екі бөлу теңдігін құрастыруды жаттығасың;
• Бөлумен қарапайым есептер шығарасың;
• Заттарды санау және санау нәтижесін көбейту өрнегімен жазуды бекітесің.



Есепті шығарайық.
12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды.
Әр тәрелкеде неше алма бар?
Мұндай есептерді бөлу амалымен шығарады.
Есептің шешуін осылай жазуға болады.
12-ні 4-ке бөлсек, 3 болады.
Бөлу өрнектерін осылай оқиды.
12-ні 4-ке бөлсек, 3 болады.
12-ні 4-ке бөлсек, 3 шығады.
Екі нүкте – бөлу белгісі.

Қысқа жазба құрастыр және есепті бөлу амалымен шығар.
Әжеде тоғыз кәмпит болды.
Ол оларды үш немересіне тең бөлді.
Әр немере неше кәмпит алды?

Өрнектерге сәйкес жазуларды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Анасы 10 бәлішті 5 тәрелкеге тең бөлді.
Анасы әр тәрелкеге неше бәліш салды?

Әр көбейту теңдігінен екі бөлу теңдігін құрастыруға болады.
Егер көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткішті аламыз.
Мысалы, 5-ті 2-ге көбейтсек, 10 болады.
Осыдан екі бөлу теңдігін құрастыруға болады.
10-ды 5-ке бөлсек, 2 болады.
10-ды 2-ге бөлсек, 5 болады.


Көбейту теңдігіне екі бөлу теңдігін таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Дүкенде 62 ананас болды.
Бір күнде 5 ананас сатып алынды.
Дүкенде неше ананас қалды?

Көбейту теңдігінен екі бөлу теңдігін құрастыр.

Теңгені сана.
Сәйкес сандарды таңда.

Шаршыларды сана және сәйкес көбейту өрнегін кранға апар.
Сонда кран жұмыс істейді.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Мұғалім оқушыларға 16 дәптер таратты, әр оқушыға 2 дәптерден.
Неше оқушы дәптер алды?

Шаршыларды сана және сәйкес көбейту өрнегін кранға апар.
Сонда кран жұмыс істейді.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.

Көбейту теңдігінен екі бөлу теңдігін құрастыр.