Тақырып Тапсырмалар каталогы
Бөлудің компоненттері мен нәтижесінің атауларын ата ( «бөлінгіш», «бөлгіш», «бөлінді» терминдерімен танысу)
• Бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен және керісінше, көбейтуді – бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыруды үйренесің;
• Бөлудің компоненттері мен нәтижесінің атауларымен танысасың және бөлудің теңдігін қалай дұрыс оқу керектігін білесің;
• Бөлудің қарапайым есебін және күрделі есепті екі тәсілмен шығарасың;
• 100 шегінде «тізбекпен» қосу және азайту өрнектерін есептеуді жетілдіресің;
• Ақшаны санауды және сәйкес сандарды таңдауды жаттықтырасың;
• Фигуралармен танысасың: шеңбер және дөңгелек және оларды басқа геометриялық фигуралардың арасынан ажыратуды үйренесің.

Есепте. Сәйкес сандарды таңда.
Қосуды көбейтумен алмастыр.
Сәйкес өрнектерді таңда және пазлдарды құрастыр.
Ақшаны сана. Сәйкес сандарды таңда.
Алдымен көбейту өрнегін, содан кейін оған сәйкес қосу өрнегін таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Светланка 8 кактус салынған құмыраны екі сөреге бірдей етіп қойды.
Қыз әр сөреге неше кактус құмырасын қойды?
Қосуды көбейтумен алмастыр.
Сәйкес өрнектерді таңда және пазлдарды құрастыр.
Теңдікті оқиық.
24-ті 3-ке бөлсек, 8 болады.
24 саны – бұл бөлінгіш.
3 – бөлгіш.
8 – бөлінді.
Теңдікті әртүрлі оқуға болады.
24-ті 3-ке бөлсек, 8 болады.
24 пен 3-тің бөліндісі 8-ге тең.
Бөлінгіш 24, бөлгіш 3, бөлінді 8.
Өрнектерге сәйкес жазуларды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті екі тәсілмен шығар.
Виктория әжесіне барады.
Оған автобуспен 40 минут және метроға 15 минут жүру керек.
Қыз жолда 30 минут болды.
Виктория әжесіне жеткенше тағы неше минут жолда болады?
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.
Бақаға тырнадан қашуға көмектес.
Жабық қисық сызықтарды тап және олардың астындағы сандарды таңда.
Геометриялық фигураларды қара.
Бұл – шеңбер.
Жабық қисық сызық.
Бұл – дөңгелек.
Шеңбермен шектелген ауданның бөлігі.
Геометриялық фигураларды қара.
Дөңгелектерді тап және оларды таңда.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.