Тақырып Тапсырмалар каталогы
Үйренген көбейту мен бөлу жағдайларын бекіту. 10-ға көбейту және бөлу. Санды нөлге, нөлді санға көбейту
Панда баласына анасын табуға көмектес.
Сәйкес сандарды таңда.
Есіңе түсір, көбейту – бұл бірдей қосылғыштарды қосу.
Өрнектерді қара.
0-ді 3-ке көбейту 0 болады, 0 плюс 0 плюс 0 – 0.
0-ді 6-ға көбейту 0 болады, 0 плюс 0 плюс 0 плюс 0 плюс 0 плюс 0 – 0.
Есте сақта!
Нөлді кез келген санға көбейткенде, нәтиже нөл болады.
0-ді а-ға көбейту 0 болады.
Есіңе түсір, көбейткіштердің орнын ауыстырсаң, нәтиже өзгермейді.
Сондықтан, егер 0-ді 3-ке көбейту 0 болса, онда 3-ті 0-ге көбейту де 0 болады.
Егер 0-ді 6-ға көбейту 0 болса, онда 6-ны 0-ге көбейту де 0 болады.
Есте сақта!
Кез келген санды нөлге көбейткенде, нәтиже нөл болады.
а-ны 0-ге көбейту 0 болады.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.
Көбейту өрнегінен бөлу өрнегін құрайық.
Егер 0-ді 3-ке көбейту 0 болса, онда 0-ді 3-ке бөлу де 0 болады.
Есте сақта! Нөлді кез келген санға бөлгенде, нәтиже 0 болады.
0-ді а-ға бөлу 0 болады.
Назар аудар! 0-ге бөлуге болмайды.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.
Пойызды жүкте. Нәтижесі 0 болатын өрнектерді таңда.
Қара. 7-ні 10-ға көбейту 10-ды 7-ге көбейтуге тең.
Бұл бір ондықты 7-ге көбейту. Бұл 7 ондық болады.
7 ондық – бұл 70.
Сондықтан, 7-ні 10-ға көбейту 70 болады.
3-ті 10-ға көбейту 30 болады.
Назар аудар! Санды 10-ға көбейткенде, оң жағында 0 пайда болады.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.
Көбелекке гүлге ұшуға көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Пойызды жүкте. Нәтижесі 10 болатын өрнектерді таңда.
Көбейту теңдігінен 10-ға бөлу теңдігін құрайық.
Егер 8-ді 10-ға көбейту 80 болса, онда 80-ді 10-ға бөлу 8 болады.
Назар аудар! Санды 10-ға бөлгенде, оң жағындағы 0 жоғалады.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда.
Мысық пен түлкіге балық аулауға көмектес.
Нәтижелерге сәйкес өрнектерді таңда.