Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Санды 100-ге көбейту. Санды 100-ге бөлу. Теңдеулерді шешу


• 10-ға көбейту және бөлу ережесін еске түсіресің;
• 100-ге көбейту және бөлу ережесімен танысасың және оларды есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Бірлікке келтіру есептерін шешу дағдысын бекітесің;
• Белгісіз бөлінгіш пен белгісіз көбейткішті табу үшін теңдеулер құрастырып, шешуді жетілдіресің.



Есептеу нәтижелеріне сәйкес өрнектерді таңда.
Сен пошташыға хаттарды пошта жәшіктеріне салуға көмектесесің.

Ойлан, бөлшек неге тең?
Дұрыс жауапты таңда. Сен автобустың бағытын көрсетесің.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Мектеп асханасына әрқайсысында 2 литрден 10 қаптама алма шырыны әкелінді,
ал анар шырыны – алмадан 30 литрге артық. Барлығы неше литр шырын әкелінді?

Аю баласына анасын табуға көмектес.
Ережені толықтыр, дұрыс жауапты таңда.

Есептеулерді орында және дұрыс сандарды таңда – сонда сен қандай құстар қоректендіргішке ұшып келетінін көресің.

Дұрыс сандарды таңда. Сонда сен шоқжұлдызды көресің.

Теңдікті қара.
100 – бұл бір жүздік.
Бір жүзді алтыға көбейтеміз.
Алты жүз болады.
Ал 6 жүз – бұл 600.
Егер 100-ді 6-ға көбейтсек 600 болады, сондықтан 6-ны 100-ге көбейтсек те 600 болады.
Назар аудар.
Санды 100-ге көбейткенде оның соңында екі нөл пайда болады.


Балаларға қысқы ойындарға өз заттарын табуға көмектес. Есепте және дұрыс сандарды таңда.

Есептеулерді орында және дұрыс сандарды таңда. Сонда сен пілдердің цирктегі нөмірін көресің.

Көбейту теңдігінен бөлу теңдігін құрастырамыз.
Егер 4-ті 100-ге көбейтсек 400 болады, сонда 400-ді 100-ге бөлсек 4 болады.
Есептеуді орындаймыз.
400 – бұл 4 жүздік, ал 100 – бір жүздік.
4 жүздікті бір жүздікке бөлсек, 4 болады.
Яғни, 400-ді 100-ге бөлсек, 4 болады.
Назар аудар.
Соңында нөлдер бар санды 100-ге бөлгенде оның соңынан екі нөл жоғалады.

Есептеулерді орында және дұрыс сандарды таңда. Сонда сен бөлшектерден робот жинайсың.

Хоккейшілерге шайбаны қарсылас қақпасына салуға көмектес.
Есептеулерді орында және дұрыс сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Бір минутта шаңғышы 100 метр қашықтықты өтеді.
500 метр қашықтықты ол неше минутта өтеді?

Шарт бойынша теңдеу құрастыр және шеш, тексеруді ұмытпа.
Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.
Сонда метро пойызы жүреді.

Ойлан. Екі қызда бірге он бір кәмпит болды.
Бір қыз екі кәмпит, ал екіншісі – 3 кәмпит жегенде, олардың кәмпиттері тең болды.
Әр қызда неше кәмпит болды?