Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Дөңгелек сандарды дөңгелек сандарға кезекпен бөлу және іріктеу тәсілімен бөлу


• Есептеулер орындайсың және көбейтуге арналған теңдіктен екі бөлуге арналған теңдік құрастырасың;
• Дөңгелек сандарды дөңгелек сандарға кезекпен бөлу және іріктеу тәсілімен бөлуді үйренесің және оларды есептеулерде қолдануды жаттықтырасың;
• Белгісіз компоненттер мен көбейту және бөлу нәтижесін табуды жетілдіресің;
• Шеңбердің диаметрі мен радиусын ажыратуды үйренесің.



Винни Пухқа тапсырманы орындауға көмектес.
Жазуларға сәйкес сандарды таңда.

Есептеуді орында.
Көбейтуге арналған теңдіктен екі бөлуге арналған теңдік құрастыр.

Балаларға құмыраларды бояуға көмектес.
Белгісіз көбейткіштерді таңда.

80 мен 20 сандарының бөлшегін кезекпен бөлу тәсілімен табайық.
20 бөлгішін 10 және 2 сандарының көбейтіндісімен ауыстырамыз.
80 санын 10 және 2 сандарының көбейтіндісіне бөлу үшін, алдымен 80-ді 10-ға, содан кейін 2-ге бөлеміз.
80-ді 10-ға бөлсек 8 болады, 8-ді 2-ге бөлсек 4 болады.
Яғни, 80-ді 20-ға бөлсек 4 болады.
900-ді 30-ға бөлу түріндегі есептеуді орындайық.
30 бөлгішін 10 және 3 сандарының көбейтіндісімен ауыстырамыз.
900 санын 10 және 3 сандарының көбейтіндісіне бөлу үшін, алдымен 900-ді 10-ға, содан кейін 3-ке бөлеміз.
900-ді 10-ға бөлсек 90 болады, 90-ды 3-ке бөлсек 30 болады.
Яғни, 900-ді 30-ға бөлсек 30 болады.
600 және 300 сандарының бөлшегін табайық.
300 бөлгішін 100 және 3 сандарының көбейтіндісімен ауыстырамыз.
600 санын 100 және 3 сандарының көбейтіндісіне бөлу үшін, алдымен 600-ді 100-ге, содан кейін 3-ке бөлеміз.
600-ді 100-ге бөлсек 6 болады, 6-ны 3-ке бөлсек 2 болады.
Яғни, 600-ді 300-ге бөлсек 2 болады.

Бөлгішті көбейткіштерге бөліп, кезекпен бөлу тәсілімен есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда, сонда ұшақ қай қалаға ұшып бара жатқанын білесің.

80 мен 20 сандарының бөлшегін іріктеу тәсілімен табайық.
20-ны қандай санға көбейтсек 80 болатынын табу керек.
2 санын таңдаймыз.
20-ны 2-ге көбейтсек 40 болады.
2 саны сәйкес келмейді.
3 санын таңдаймыз.
20-ны 3-ке көбейтсек 60 болады.
3 саны сәйкес келмейді.
4 санын таңдаймыз.
20-ны 4-ке көбейтсек 80 болады.
4 саны сәйкес келеді.
Яғни, 80-ді 20-ға бөлсек 4 болады.
Келесі есептеулерді де осылай ойлаймыз.
600-ді 200-ге бөлеміз.
200-ді қандай санға көбейтсек 600 болатынын табамыз.
200-ді 2-ге көбейтсек 400 болады.
2 саны сәйкес келмейді.
200-ді 3-ке көбейтсек 600 болады.
3 саны сәйкес келеді.
Яғни, 600-ді 200-ге бөлсек 3 болады.
120 мен 30 сандарының бөлшегін табайық.
30-ды қандай санға көбейтсек 120 болатынын табамыз.
30-ды 2-ге көбейтсек 60 болады.
2 саны сәйкес келмейді.
30-ды 3-ке көбейтсек 90 болады.
3 саны сәйкес келмейді.
30-ды 4-ке көбейтсек 120 болады.
4 саны сәйкес келеді.
Яғни, 120-ны 30-ға бөлсек 4 болады.

Үй салуға көмектес. Белгісіз бөлшектерді тап және сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Кондитер фабрикасында 900 килограмм кәмпитті әр қорапқа 30 килограммнан салды.
Қораптардың бір бөлігін дүкенге апарғаннан кейін, 12 қорап қалды.
Дүкенге қанша қорап кәмпит апарылды?

Әр суреттегі ақшаны сана.
Сәйкес сандарды таңда.

Баскетбол ойна. Сәйкес сандарды таңда.

Есептеуді орында. Сәйкес сандарды таңда, сонда шифрланған сөзді оқисың.

Есепті шешетін өрнекті тап және таңда.
Бір үйде k пәтер бар, ал екіншісінде – а есе көп.
Екінші үйде біріншіге қарағанда қанша пәтер артық?

Шеңбердің радиусы салынған суретті тап.
Оны таңда.

Тапқырларға арналған тапсырма. Сатыда 12 баспалдақ бар.
Қай баспалдақтар сатының ортаңғы бөлігінде орналасқан?
Дұрыс жауапты таңда.