Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Қосындыны санға көбейту. Екі және үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту


• Қосындыны санға көбейту ережесімен танысасың және көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңын білесің;
• Екі және үш таңбалы сандардың қосындысын бір таңбалы санға екі тәсілмен көбейтуді үйренесің;
• Екі көбейтіндінің қосындысын табу есептерін шешуді жетілдіресің;
• Екі және үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейтуді білесің және үйренген тәсілдерді есептеулерде қолдануға машықтанасың.



Баржаларды жүзуге жібер. Белгісіз компоненттерді немесе арифметикалық әрекеттің нәтижесін тап та, сәйкес сандарды таңда.

2 мен 3 сандарының қосындысын 7 санына әртүрлі тәсілмен көбейтуге болады.
Бірінші тәсіл.
Алдымен жақшадағы әрекетті орындаймыз.
2-ге 3-ті қосамыз, 5 болады.
Шыққан нәтижені 7-ге көбейтеміз,
35 болады.
Екінші тәсіл.
Алдымен 2-ні 7-ге көбейтеміз,
14 болады.
Сосын 3-ті 7-ге көбейтеміз,
21 болады.
Табылған көбейтінділерді қосамыз.
14 плюс 21, 35 болады.
Есте сақта!
Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты осы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосуға болады.
және шыққан көбейтінділерді қосу керек.
Есіңде болсын.
Бұл теңдік көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңын көрсетеді.

Наталочка анасына не тігіп бергенін біл.
Есептеуді орында да, сәйкес сандарды таңда.

Бұл есептеуді орындағанда, былай ойлаймыз:
әр қосылғышты 5 санына көбейтеміз,
және шыққан нәтижелерді қосамыз.
Келесі есептеуді орындағанда да осылай ойлаймыз.

Есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда.

Есіңде болсын. Үш санның қосындысын санға көбейту үшін, әр қосылғышты осы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу жеткілікті.


Есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда, – сонда сен мысықтың жіппен ойнағанын көресің.

Қысқаша жазба құрастыр және есепті шеш.
Спорттық жарыстарға қатысу үшін оқушыларды 6 командаға бөлді.
Әр командада 4 ұл және 3 қыз болды.
Жарысқа қанша оқушы қатысты?

Санды разрядтық қосылғыштарға бөл, ретімен ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда, – сонда сен пілдердің цирктік нөмірін көресің.

16 мен 4 сандарының көбейтіндісін табайық.
Бірінші көбейткішті разрядтық қосылғыштарға бөлеміз.
Әр қосылғышты 4 санына көбейтеміз.
Шыққан нәтижелерді қосамыз.
Яғни, 16-ны 4-ке көбейтсек, 64 болады.
Есте сақта. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін: екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөл;
әр қосылғышты бір таңбалы санға көбейт;
табылған көбейтінділерді қос.
Есіңде болсын. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін:
Үш таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөл.
Әр қосылғышты бір таңбалы санға көбейт.
Табылған көбейтінділерді қос.


Есептеуді орында, бірінші көбейткішті разрядтық қосылғыштарға бөл.
Сәйкес сандарды таңда.

Қысқаша жазба құрастыр және есепті шеш.
Бала төрт альбом бетіне жапсырмалар жапсырды.
Әр бетте бес машина жапсырмасы және төрт ұшақ жапсырмасы болды.
Балада барлығы қанша жапсырма болды?

Софияға гүлтәжге таспаларды таңдауға көмектес.
Есептеуді аяқта да, сәйкес сандарды таңда.

Шарт бойынша теңдеу құрастыр және тексерумен шеш.
Сәйкес сандар мен таңбаларды таңда.
Сонда сен сарайда кім тұратынын көресің.

Зандылықты тап та, қатарды жалғастыр.
Сәйкес шеңберлерді таңда, - сонда қызықты өзгерістерді көресің.

Ойлан да, есеп сұрағына жауап бер.
Сәйкес санды таңда.