Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Санды қосындыға көбейту. Есептерді шешу және шешімі бойынша өрнектер құрастыру


• Қосындыны санға көбейту ережесімен танысасың;
• Екі және үш санның қосындысын екі тәсілмен көбейтуді үйренесің;
• Екі көбейтіндінің қосындысын табу есебін екі тәсілмен шешуді үйренесің және олардың шешімі бойынша өрнектер құрастырасың;
• Өрнек пен санды салыстырасың және әртүрлі деңгейдегі аралас амалдардағы өрнектерді есептейсің.



Гномдарға Ақшақардың тапсырмасын орындауға көмектес.
Дұрыс жазылған өрнекті тап та, оны таңда.

Қысқаша жаз және есепті шеш.
Дүкенге әрқайсысында 9 килограммнан 4 жәшік мандарин әкелді.
Және әрқайсысында 9 килограммнан 2 жәшік лимон әкелді.
Дүкенге неше килограмм жеміс әкелінді?

Русланға машинаны жууға көмектес.
Есептеуді ыңғайлы тәсілмен орында және дұрыс сандарды таңда.

6 санын 3 пен 5 сандарының қосындысына әртүрлі тәсілмен қалай көбейтуге болатынын қара.
Бірінші тәсіл.
Алдымен жақшадағы амал орындалады.
3-ке 5-ті қосамыз,
8 болады.
Сосын 6-ны 8-ге көбейтеміз,
48 болады.
Екінші тәсіл.
Алдымен 6-ны 3-ке көбейтеміз,
18 болады.
Сосын 6-ны 5-ке көбейтеміз,
30 болады.
Табылған көбейтінділерді қосамыз.
18 плюс 30, 48 болады.
Есте сақта!
Санды қосындыға көбейту үшін, бұл санды әрбір қосылғышқа көбейтіп, табылған көбейтінділерді қосу керек.
Назар аудар!
Бұл теңдік көбейту мен қосу арасындағы үлестірімділік заңын көрсетеді.

Қазына картасын қалпына келтіруге көмектес.
Есептеуді орында және дұрыс сандарды таңда.

Бұл есептеуді орындағанда былай ойлаймыз:
6-ны әрбір қосылғышқа көбейтеміз және шыққан нәтижелерді қосамыз.
Келесі есептеуді орындағанда да осылай ойлаймыз.

Есептеуді орында. Дұрыс сандарды таңда, сонда көктемде қай құстар ұшып келетінін білесің.

Назар аудар. Үш санның қосындысын санға көбейту үшін, бұл санды әрбір қосылғышқа көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу жеткілікті.


Сашко телескоптан не көргенін біл.
Есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан баста.
Дұрыс сандарды таңда.

Қысқаша жаз және есепті шеш.
Зоопаркте ешкіге күніне 4 килограмм шөп береді.
Үш ешкіге 7 күнге неше килограмм шөп керек?

Есептеуді ыңғайлы тәсілмен орында.
Дұрыс сандарды таңда, сонда пазл суретін ашасың.

Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.
Сонда сен парашютшілерге қонуға көмектесесің.

Антон түсінде теңізге саяхатқа шықты.
Көбейтінділерді тап және дұрыс сандарды таңда, сонда бала саяхатта кімді көргенін білесің.

Тапқырларға арналған тапсырма
Сыныптағы барлық балалар хореографиялық және спорттық үйірмелерге қатысады.
Олардың ішінде 19 оқушы хореографиялық, 16 – спорттық, ал 10 – екі үйірмеге де қатысады.
Сыныпта неше оқушы бар?
Дұрыс санды таңда.