Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Көбейту мен бөлу амалдарын тексеру


• Көбейту теңдігі бойынша екі бөлу теңдігін құрастырасың;
• Көбейту мен бөлу амалдарының дұрыстығын қалай тексеруге болатынын білесің;
• Көбейту мен бөлу есептеу дағдыларын жетілдіресің;
• Көбейту мен бөлу амалдарының дұрыстығын кері амалдармен тексеруді үйренесің;
• Құрастырылған есептерді шығарасың және шешімдері бойынша өрнек құрастыруды бекітесің.



Есептеуді орында және дұрыс сандарды таңда.
Сонда аквапарк іске қосылады.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Экскурсияға 95 оқушы жиналды.
Оларды 2 автобусқа әрқайсысына 25 адамнан отырғызды.
Ал қалғандарын 3 микроавтобусқа бөлді.
Бір микроавтобуста қанша оқушы отырды?

Есептеуді орында және дұрыс сандарды таңда. Сонда балалардың бос уақытын қалай өткізетінін көресің.

Көбейту теңдігінен екі бөлу теңдігін құрастыр.
Дұрыс сандарды таңда, сонда метро пойызы жүреді.

Есіңе түсір, бөліндіні бөлгішке көбейтсең, бөлінетін санды аласың.
Есте сақта, бөлу амалын көбейту арқылы тексеруге болады.
Егер бөліндіні бөлгішке көбейткенде бөлінетін сан шықса, есеп дұрыс орындалған.
Егер басқа сан шықса, есептеуде қате кеткен.

Бөлудің нәтижесін көбейту арқылы тексер.
Дұрыс сандарды таңда, сонда әуе шарлары ұшады.

Есептеуді орында және бөлудің нәтижесін көбейту арқылы тексер.
Дұрыс сандарды таңда, сонда гномдарға асыл тастарды табуға көмектесесің.

Есіңе түсір, көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсең, екінші көбейткішті аласың.
Есте сақта, көбейту амалын бөлу арқылы тексеруге болады.
Егер көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлгенде екінші көбейткіш шықса, есеп дұрыс орындалған.
Егер басқа сан шықса, есептеуде қате кеткен.


Балаларға қазынаны табуға көмектес.
Көбейтуді бөлу арқылы тексер.
Дұрыс сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
32 килограмм зефирді 8 қорапқа тең бөлді.
56 килограмм зефирді бөлу үшін қанша осындай қорап керек?

Есептеуді орында, көбейтуді бөлу арқылы тексер.
Дұрыс сандарды таңда, сонда жанармай құю станциясы іске қосылады.

Ойлан. Тік төртбұрыштың екі әртүрлі қабырғасының қосындысы 12 сантиметрге тең.
Осы тік төртбұрыштың периметрі қандай?
Дұрыс санды таңда.

Айнымалысы бар өрнектердің мәнін тап.
Дұрыс сандарды таңда, сонда Винни-Пух кім іздеп жүргенін білесің.

Ойлан. Әр қатардан басқа сандардан ерекшеленетін санды тап және оны таңда. Сонда кім заттарын сақтау камерасынан алатынын білесің.