Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Екі таңбалы санды екі таңбалы санға әртүрлі тәсілдермен бөлу: іріктеу және тізбекті бөлу. Төртінші пропорционалдыны табу есебі


• Екі таңбалы санды екі таңбалы санға әртүрлі тәсілдермен бөлуге танысасың: іріктеу және тізбекті бөлу;
• Төртінші пропорционалдыны табу есебін шешуді үйренесің;
• Екі таңбалы сандарды бөлу есептеу дағдыларын ыңғайлы тәсілмен бекітесің;
• Тексерумен теңдеуді шешуді жаттықтырасың;
• Үшбұрыштың периметрін есептейсің.



Максимге су құбырын жөндеуге көмектес.
Теңдіктер дұрыс болу үшін амал таңбаларын қой.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Үш бегемот бес күнде 750 килограмм шөп жейді.
Бір бегемот бір күнде қанша шөп жейді?

8-ге бөлінетін сандарды таңда.

Есептеуді орында.
Дұрыс сандарды таңда – сонда панда баласының көңілді ойынын көресің.

51 мен 17 сандарының бөліндісін іріктеу тәсілімен табайық.
17-ні қандай санға көбейтсек, 51 шығады, соны табу керек.
2 санын аламыз.
17-ні 2-ге көбейтсек, 34 болады.
2 саны сәйкес келмейді.
3 санын аламыз.
17-ні 3-ке көбейтсек, 51 болады.
3 саны сәйкес келеді.
Демек, 51-ді 17-ге бөлсек, 3 болады.

Баскетбол ойна.
Іріктеу тәсілімен есептеуді орында.
Дұрыс сандарды таңда.

Тізбекті бөлу тәсілімен есептеуді орында.
Дұрыс сандарды таңда – сонда тырна қайда ұшып бара жатқанын көресің.

64 пен 16 сандарының бөліндісін тізбекті бөлу тәсілімен табайық.
16 бөлгішін 8 бен 2 сандарының көбейтіндісімен ауыстырамыз.
Алдымен 64-ті 8-ге бөлеміз, шыққан нәтижені 2-ге бөлеміз, 4 болады.
Демек, 64-ті 16-ға бөлсек, 4 болады.


Тізбекті бөлу тәсілімен есептеуді орында. Дұрыс сандарды таңда.

72 мен 18 сандарының бөліндісін іріктеу тәсілімен табайық.
18-ді қандай санға көбейтсек, 72 шығады, соны табу керек.
2 санын аламыз.
18-ді 2-ге көбейтсек, 36 болады.
2 саны сәйкес келмейді.
3 санын аламыз.
18-ді 3-ке көбейтсек, 54 болады.
3 саны сәйкес келмейді.
4 санын аламыз.
18-ді 4-ке көбейтсек, 72 болады.
4 саны сәйкес келеді.
Демек, 72-ні 18-ге бөлсек, 4 болады.
72 мен 18 сандарының бөліндісін тізбекті бөлу тәсілімен табайық.
18 бөлгішін 9 бен 2 сандарының көбейтіндісімен ауыстырамыз.
Алдымен 72-ні 9-ға бөлеміз, шыққан нәтижені 2-ге бөлеміз.
4 болады.
Демек, 72-ні 18-ге бөлсек, 4 болады.
Назар аудар.
72 мен 18 сандарының бөліндісін екі тәсілмен таптық – іріктеу және тізбекті бөлу.
Осындай жағдайда екі таңбалы санды екі таңбалы санға өзіңе ыңғайлы тәсілмен бөл.


Котигорошқа өзеннен өтуге көмектес.
Өзіңе ыңғайлы тәсілмен есептеуді орында, дұрыс сандарды таңда.

Тексерумен теңдеуді шеш.
Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда, сонда сен шалды суырып алуға көмектесесің.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
50 литр сүттен 2 килограмм май шығады.
100 литр сүттен қанша килограмм май шығады?

Тек іріктеу тәсілімен есептеуге болатын өрнектерді таңда.

25 минуттан кейін сағаттар қай уақытты көрсететінін анықта.
Дұрыс сандарды таңда.

ABC үшбұрышының периметрін тап, егер AC қабырғасының ұзындығы 8 сантиметр болса.
Ол AB қабырғасынан 2 есе ұзын және BC қабырғасынан 3 сантиметрге қысқа.