Тақырып Тапсырмалар каталогы
Бөлудің нәтижесінің бір компонент өзгергенде, екіншісі тұрақты болғандағы тәуелділігі. Есептерді шешу
• Белгісіз көбейтінділер мен бөлінділерді табуды үйренесің;
• Бөлудің нәтижесінің бір компонент өзгергенде, екіншісі тұрақты болғандағы тәуелділікті зерттейсің;
• Әр түрлі деңгейдегі аралас амалдарға өрнектерді есептейсің;
• Үйренген жағдайларда бөлу мен көбейту есептеу дағдыларын жетілдіресің;
• Теңдеулерді құрастырып, шешуді шарт бойынша бекітесің.
• Бөлудің нәтижесінің бір компонент өзгергенде, екіншісі тұрақты болғандағы тәуелділікті зерттейсің;
• Әр түрлі деңгейдегі аралас амалдарға өрнектерді есептейсің;
• Үйренген жағдайларда бөлу мен көбейту есептеу дағдыларын жетілдіресің;
• Теңдеулерді құрастырып, шешуді шарт бойынша бекітесің.
Сәйкес сандарды таңда.
Есептеуді орында. Сәйкес сандарды таңда, – сонда сен балаларды дирижабльмен саяхатқа жібересің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Жылыжайда 550 раушан отырғызды.
Бір уақыттан кейін 120 ақ раушан гүлдеді,
ал қызылдары – 3 есе көп.
Әлі қанша раушан гүлдеген жоқ?
Үйді салуға көмектес. Белгісіз көбейтінділерді тап және сәйкес сандарды таңда.
Назар аудар, көбейткіштердің бірін бірнеше есе арттырғанда көбейтінді қалай өзгереді.
12 мен 3 сандарының бөліндісін табайық.
Бұл – 4 саны.
Бөлінгішті 2 есе арттырайық және есептеуді орындайық.
8 санын аламыз.
Есептеу нәтижелерін салыстырайық.
8 саны 4-тен 2 есе көп.
Назар аудар, бөлінгішті 2 есе арттырдық және бөлінді де 2 есе артты.
Яғни, бөлінгішті бірнеше есе арттырса, бөлгіш тұрақты болса, бөлінді де сонша есе артады.
24 пен 3 сандарының бөліндісін табайық.
Бұл – 8 саны.
Бөлінгішті 4 есе азайтамыз және есептеуді орындаймыз.
2 санын аламыз.
Есептеу нәтижелерін салыстырайық.
2 саны 8-ден 4 есе аз.
Назар аудар, бөлінгішті 4 есе азайттық және бөлінді де 4 есе азайды.
Яғни, бөлінгішті бірнеше есе азайтса, бөлгіш тұрақты болса, бөлінді де сонша есе азаяды.
Кондитерге торттарды безендіруге көмектес. Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Белгісіз бөлінділерді тап және сәйкес сандарды таңда.
Назар аудар, бөлгішті бірнеше есе арттырғанда бөлінді қалай өзгереді.
36 мен 3 сандарының бөліндісін табайық. Бұл – 12 саны.
Бөлгішті 3 есе арттырайық және есептеуді орындайық.
4 санын аламыз.
Есептеу нәтижелерін салыстырайық.
4 саны 12-ден 3 есе аз.
Назар аудар.
Бөлгішті 3 есе арттырдық, ал бөлінді, керісінше, 3 есе азайды.
Яғни, бөлгішті бірнеше есе арттырса, бөлінгіш тұрақты болса, бөлінді сонша есе азаяды.
Бөлінді сонша есе азаяды.
24 пен 8 сандарының бөліндісін табайық. Бұл – 3 саны.
Бөлгішті 2 есе азайтамыз және есептеуді орындаймыз.
6 санын аламыз.
Есептеу нәтижелерін салыстырайық.
6 саны 3-тен 2 есе көп.
Назар аудар.
Бөлгіш 2 есе азайды, ал бөлінді, керісінше, 2 есе артты.
Яғни, бөлгішті бірнеше есе азайтса, бөлінгіш тұрақты болса, бөлінді сонша есе артады.
Бөлінді сонша есе артады.
Есепте. Сәйкес сандарды таңда, – сонда сен суретті бояйсың.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Мектеп бақшасына 15 қарақат бұтасы әкелінді, ал таңқурай – 3 есе көп.
Барлық көшеттерді 5 қатарға отырғызды.
Бір қатарға неше бұта отырғызылды?
Шарт бойынша теңдеу құрастыр және шеш. Қажетті сандарды, таңбаларды және әріпті таңда, – сонда сен тұрғындарды көресің.
Сызба сурет бойынша әр кесіндінің ұзындығын тап.
Ойлан. Ұлы әкесінен 4 есе кіші, ал ағасы әпкесінен 4 жас үлкен. Егер әпкесіне 4 жас болса, әкесі неше жаста?