Тақырып Тапсырмалар каталогы
Айнымалысы бар теңсіздік. Айнымалысы бар теңсіздіктің шешімдерін таңдау арқылы табу. Әріптік деректері бар тапсырмалар
• Сандық өрнектерді салыстыруды және айнымалысы бар өрнектердің мәнін берілген айнымалы мәндерінде табуды жетілдіресің;
• Теңдеуді тексерумен шешуді үйренесің;
• Айнымалысы бар теңсіздікпен танысасың және оны таңдау арқылы қалай шешуге болатынын білесің;
• Айнымалының қандай мәндерінде теңсіздік дұрыс болатынын таңдауды үйренесің;
• Әріптік деректері бар тапсырмалардың шешімдері болатын өрнектерді құрастырасың және квадраттың периметрін табу формуласын таңдайсың.
• Теңдеуді тексерумен шешуді үйренесің;
• Айнымалысы бар теңсіздікпен танысасың және оны таңдау арқылы қалай шешуге болатынын білесің;
• Айнымалының қандай мәндерінде теңсіздік дұрыс болатынын таңдауды үйренесің;
• Әріптік деректері бар тапсырмалардың шешімдері болатын өрнектерді құрастырасың және квадраттың периметрін табу формуласын таңдайсың.
Есікті қағу дыбысы, кейін әннің үзіндісі естіледі.
Суретші не салатынын біл.
Теңдеуді тексерумен шеш.
Тиісті сандар мен таңбаларды таңда.
Әтешке дәнді үгуге көмектес.
Теңсіздіктер дұрыс болатындай өрнектерді таңда.
Тапсырманы оқы. Оны шешетін өрнектерді таңда.
Теңсіздікке қара. Онда бір сан берілмегенін байқадың.
Ұсынылған сандардан теңсіздік дұрыс болатындай санды таңдайық.
4 санын таңдаймыз. 4-ке 10-ды қосамыз, 14 болады. 14 саны 15-тен аз. 4 сәйкес келмейді.
5 санын таңдаймыз. 5-ке 10-ды қосамыз, 15 болады. 15 саны 15-ке тең. 5 сәйкес келмейді.
9 санын таңдаймыз. 9-ға 10-ды қосамыз, 19 болады. 19 саны 15-тен көп. 9 сәйкес келеді.
Демек, теңсіздік дұрыс болады, егер оны 9 санымен толықтырсақ.
Тағы бір теңсіздікке қарайық. Белгісіз санды латын алфавитінің кішкентай әрпімен, яғни айнымалымен белгілейміз.
Таңдау арқылы b айнымалысының теңсіздік дұрыс болатындай мәндерін табамыз.
20 санын таңдаймыз.
20-ны 20-ға бөлеміз, 1 болады. 1 саны 4-тен аз.
20 сәйкес келеді.
Келесі санды таңдаймыз.
40-ты 20-ға бөлеміз, 2 болады.
2 саны 4-тен аз.
40 сәйкес келеді.
60 санын таңдаймыз.
60-ты 20-ға бөлеміз, 3 болады.
3 саны 4-тен аз.
60 сәйкес келеді.
80 санын таңдаймыз.
80-ді 20-ға бөлеміз, 4 болады.
4 саны 4-ке тең.
80 саны сәйкес келмейді.
Демек, бұл теңсіздік дұрыс болады, егер b айнымалысы 20, 40, 60 мәндерін алса.
Есіңде сақта.
Айнымалысы бар теңсіздіктің шешімдерін таңдау арқылы табу үшін, ұсынылған сандардан теңсіздік дұрыс болатын мәндерді таңдау керек.
Өсу ретімен айнымалының теңсіздік дұрыс болатын мәндерін таңда. Сонда сен планеталар шеруін көресің.
Тапсырманың шартын оқы және сұрақтарға шешім болатын өрнектерді құрастыр.
Автокөліктің дыбысы.
Иванға автоға дөңгелектер таңдауға көмектес.
Айнымалы х-тың теңсіздік дұрыс болатын мәндерін тап.
Тиісті сандар жазбасын таңда.
Пойыздың дыбысы.
Теңсіздіктер мен теңдіктер құрастыр.
Айнымалылар 0 және 1 мәнін алмайтын жағдайда тиісті таңбаларды таңда.
Сонда сен Микки тышқанға үйіне жетуге көмектесесің.
Квадраттың периметрін табу формулаларын таңда.
Квадраттың қабырғасының ұзындығы – айнымалы а болса.
Тапсырманы оқы.
Алдымен жануардың атын, кейін оның қай үйде тұратынын таңда.