Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, егер бірліктердің қосындысы 10-нан көп немесе ондықтардың қосындысы 10 ондықтан көп болса. Үш таңбалы сандарды жазбаша азайту разряд арқылы өтуімен


• Үш таңбалы дөңгелек сандарды ыңғайлы тәсілмен қосуды есептеу дағдыларын жетілдіресің;
• Бірліктердің қосындысы 10-нан көп немесе ондықтардың қосындысы 10 ондықтан көп болғанда үш таңбалы сандарды жазбаша қосумен танысасың;
• Үйренген жағдайларда үш таңбалы сандарды жазбаша қосу жаттығасын орындайсың;
• Жазбаша есептеу арқылы қарапайым есепті шешу дағдысын бекітесің.



Богданға таудан түсуге көмектес.
Сандарды кему ретімен таңда.

Бірінші санды разрядтық қосылғыштарға бөліп, есепте.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен Оленканың мәнерлеп сырғанаудағы өнерін көресің.

Қосылғыштарды өрнектегі тәртіппен орналастырып, жазбаша есептеуді орында.
Сонда сен кристалдарды іздеуге кім кеткенін білесің.

Өрнекті қара.
Жазбаша қосқанда былай ойлаймыз:
сегіз бірлікке бес бірлік қосамыз,
он үш болады.
Он үш бірлік – бұл бір ондық және үш бірлік.
Бірліктердің астына үш жазамыз, бір ондықты есте сақтаймыз.
Бес ондыққа үш ондық қосамыз,
сегіз болады.
Және есте сақтаған бір ондықты қосамыз,
тоғыз болады.
Ондықтардың астына тоғыз жазамыз.
Үш жүзге екі жүз қосамыз,
бес болады.
Жүздіктердің астына бес жазамыз.
Яғни, үш жүз елу сегіз плюс екі жүз отыз бес – бес жүз тоқсан үш болады.
Есте сақта!
Егер бірліктерді қосқанда оннан көп сан шықса,
онда бағанда бірліктердің астына бірліктерді жазамыз,
ал шыққан ондықты есте сақтап, ондықтарға қосамыз.
Есте сақта!
Егер ондықтарды қосқанда он ондықтан көп сан шықса,
(бір жүз және бірнеше ондық),
онда бағанда ондықтардың астына ондықтарды жазамыз,
ал шыққан жүзді есте сақтап, жүздіктерге қосамыз.

Маринаға ұшақ рейстерінің кестесін білуге көмектес.
Қосылғыштарды өрнектердегі тәртіппен орналастырып, жазбаша есептеуді орында.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Өткен жылы №1 гимназияда 345 бастауыш сынып оқушысы оқыды.
Биыл оқушылар саны өткен жылға қарағанда 112-ге көп.
Биыл гимназияда қанша бастауыш сынып оқушысы оқиды?

Азайғышты ыңғайлы қосылғыштарға бөл де, есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен Софияның мәнерлеп сырғанаудағы өнерін көресің.

Жазбаша азайтуды орында.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен қандай құстар қоректендіргішке ұшып келетінін көресің.

Өрнекті қара.
Жазбаша азайтқанда былай ойлаймыз:
жеті бірліктен екі бірлікті азайтамыз, бес болады;
Бірліктердің астына бес жазамыз.
Екі ондықтан тоғыз ондықты азайта алмаймыз.
Жүздіктерден бір жүз аламыз.
Мұны ұмытпау үшін сегіздің үстіне нүкте қоямыз.
Бір жүз – бұл он ондық.
Және екі ондық – бұл он екі ондық.
Он екі ондықтан тоғыз ондықты азайтамыз.
Үш болады.
Ондықтардың астына үш жазамыз.
Жүздіктер жеті қалды, сегіз емес, себебі бір жүзді алдық.
Жеті жүзден бес жүзді азайтамыз.
Екі жүз болады.
Жүздіктердің астына екі жазамыз.
Яғни, сегіз жүз жиырма жетіден бес жүз тоқсан екі азайтсақ, екі жүз отыз бес болады.
Жазбаша азайтқанда былай ойлаймыз:
алты бірліктен тоғызды азайта алмаймыз,
сондықтан ондықтардан бір ондық (он бірлік) аламыз.
Он және алты – он алты.
Он алтыдан тоғызды азайтсақ, жеті болады.
Ондықтар үш қалды, себебі бір ондықты алдық.
Үш ондықтан бір ондықты азайтсақ, екі ондық болады.
Төрт жүзден бір жүзді азайтсақ, үш жүз болады.
Яғни, төрт жүз қырық алтыдан жүз он алтыны азайтсақ, үш жүз жиырма жеті болады.

Жазбаша азайтуды орында. Сәйкес сандарды таңда – сонда сен балалардың қысқы ойындарын көресің.

Сурет бойынша есеп құрастыр және сұрақпен шеш:
«Грифтің қанат ұзындығы сұңқардың қанатынан неше сантиметрге үлкен?».

Тексерумен теңдеуді шеш, жазбаша есептеуді орында.
Сәйкес таңбалар мен сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және жоспар бойынша есепті шеш, жазбаша есептеуді орында.
Зауыттың екі жұмысшысына машинаға 760 бөлшек жасау керек.
Бір жұмысшы 315 бөлшек жасады, ал екіншісі – 25 бөлшекке аз.
Жұмысшыларға қанша бөлшек жасау қалды?

Олесяға өз заттарын табуға көмектес.
Өрнектердегі тәртіппен жазбаша есептеуді орында.

Кіші периметрі бар фигураны таңда.

Артық фигураны тап және оны таңда.
Сонда сен қызықты өзгерісті көресің.