Тақырып Тапсырмалар каталогы
Үш таңбалы сандарды разряд арқылы (екі рет) жазбаша азайту. Есептерді шешу
• Үш таңбалы толық сандарды азайтуды, азайтылатын санды ыңғайлы қосындыларға бөлуді жетілдіресің;
• Үш таңбалы сандарды разряд арқылы жазбаша азайтумен танысасың;
• Үш таңбалы сандарды жазбаша азайту мен қосу тәсілдерін жаттығасың;
• Қарапайым және күрделі есептерді берілген жоспар бойынша, жазбаша есептеулер жүргізе отырып, шешуді бекітесің;
• Тексерумен теңдеулерді шешуді үйренесің.
• Үш таңбалы сандарды разряд арқылы жазбаша азайтумен танысасың;
• Үш таңбалы сандарды жазбаша азайту мен қосу тәсілдерін жаттығасың;
• Қарапайым және күрделі есептерді берілген жоспар бойынша, жазбаша есептеулер жүргізе отырып, шешуді бекітесің;
• Тексерумен теңдеулерді шешуді үйренесің.
Жазбаша есептеуді орында, қосындыларды орналастыр.
Өрнектегі берілген реттілікті сақта.
Сонда сен жануарлардың цирктегі өнерін көресің.
Түлкіге анасын табуға көмектес.
Азайтқышты разрядтық қосындыларға бөл де, ыңғайлы тәсілмен есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда.
Айнымалылары бар өрнектің мәнін тап та, сәйкес сандарды таңда. Сонда сен балаларға қар қамалын салуға көмектесесің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Төрт қаптамада қырық фломастер бар.
Сегіз осындай қаптамада неше фломастер бар?
Аю-пошташыға сәлемдемелерді таратуға көмектес.
Жазбаша азайтуды орында.
Сәйкес сандарды таңда.
Өрнекті қара.
Жазбаша азайтуды орындағанда, былай ойлаймыз.
Бес бірліктен сегіз бірлікті азайта алмаймыз.
Ондықтардан бір ондық аламыз.
Мұны ұмытпау үшін, 3 санының үстіне нүкте қоямыз.
Бір ондық – он бірлік, тағы бес бірлік – он бес.
Он бес бірліктен сегіз бірлікті азайтсақ, жеті болады.
Бірліктердің астына жеті жазамыз.
Ондықтар екі қалды, үш емес, себебі бір ондықты алдық.
Екі ондықтан төрт ондықты азайта алмаймыз.
Жүздіктерден бір жүз аламыз.
Мұны ұмытпау үшін, 5 санының үстіне нүкте қоямыз.
Бір жүз және екі ондық – он екі ондық.
Он екі ондықтан төрт ондықты азайтсақ, сегіз болады.
Ондықтардың астына сегіз жазамыз.
Жүздіктерді азайтамыз, төрт қалды, бес емес.
Себебі бір жүзді алдық.
Төрт жүзден екі жүзді азайтамыз.
Екі жүз болады.
Жүздіктердің астына екі жазамыз.
Сонымен, бес жүз отыз бес минус екі жүз қырық сегіз тең екі жүз сексен жеті.
Жазбаша азайтуды орында. Сәйкес сандарды таңда – сонда сен Димашқа машинаны жууға көмектесесің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш, жазбаша есептеуді орында.
Кафеге 540 пончик әкелінді.
Түске дейін 235 пончик сатылды.
Сатылуға қанша пончик қалды?
Өрнекті қара.
Жазбаша азайтуды орындағанда, былай ойлаймыз.
Нөлден үш бірлікті азайта алмаймыз.
Ондықтардан бір ондық ала алмаймыз.
Жүздіктерден бір жүз аламыз.
Мұны ұмытпау үшін, 6 санының үстіне нүкте қоямыз.
Бір жүз – он ондық.
Он ондықтан бір ондық аламыз.
Енді тоғыз ондық қалды.
Мұны есте сақтау үшін, ондықтардың үстіне тоғыз жазамыз.
Бір ондық – он бірлік.
Бірліктердің үстіне он жазамыз.
Он бірліктен үш бірлікті азайтсақ, жеті болады.
Бірліктердің астына жеті жазамыз.
Ондықтарды азайтамыз.
Тоғыз ондықтан жеті ондықты азайтсақ, екі болады.
Ондықтардың астына екі жазамыз.
Енді жүздіктерді азайтамыз.
Бес жүз қалды, алты емес.
Себебі бір жүзді алдық.
Бес жүзден бір жүзді азайтамыз.
Төрт болады.
Жүздіктердің астына төрт жазамыз.
Сонымен, алты жүз минус жүз жетпіс үш тең төрт жүз жиырма жеті.
Жазбаша азайтуды орында.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен орман тұрғындарының қыста қалай ойнайтынын білесің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Сіңлісі 5 минутта 15 вареник жапты.
Бауыры 3 минутта неше вареник жапады?
Егер ол бір минутта екі вареникке аз жапса.
Жазбаша азайтуды орында.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен Светлананың қысқы ойындарын көресің.
Өрнекті қара.
Жазбаша азайтуды орындағанда, былай ойлаймыз.
Екі бірліктен үш бірлікті азайта алмаймыз.
Ондықтардан бір ондық ала алмаймыз.
Жүздіктерден бір жүз аламыз.
Мұны ұмытпау үшін, 5 санының үстіне нүкте қоямыз.
Бір жүз – он ондық.
Он ондықтан бір ондық аламыз.
Енді тоғыз ондық қалды.
Мұны есте сақтау үшін, ондықтардың үстіне тоғыз жазамыз.
Бір ондық және екі бірлік – он екі.
Он екі бірліктен үш бірлікті азайтсақ, тоғыз болады.
Бірліктердің астына тоғыз жазамыз.
Ондықтарды азайтамыз.
Тоғыз ондықтан алты ондықты азайтсақ, үш болады.
Ондықтардың астына үш жазамыз.
Енді жүздіктерді азайтамыз.
Төрт жүз қалды, бес емес.
Себебі бір жүзді алдық.
Төрт жүзден екі жүзді азайтамыз.
Екі жүз болады.
Жүздіктердің астына екі жазамыз.
Сонымен, бес жүз екі минус екі жүз алпыс үш тең екі жүз отыз тоғыз.
Жазбаша азайтуды орында.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен Панда Поға ұстазы Шифуды табуға көмектесесің.
Әмиянға 735 теңге сал.
Сәйкес купюраларды таңда.
Ойлан, қандай тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығы осы квадраттың периметріне тең болады.
Сәйкес жазуды таңда.