Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Бірінші жүздік сандарын ауызша және жазбаша нөмірлеу. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Қосу мен азайтудың байланысы. Үшбұрыштың периметрі


• 100 шегінде сан қатарын қалпына келтіруді үйренесің;
• Сандарды бөліктерге бөліп қосу мен азайтуды еске түсіресің;
• 100 шегінде қосу мен азайту өрнектерін есептеуді орындайсың;
• Қосу мен азайтудың байланысын еске түсіресің және қосу амалын азайту арқылы тексеруді үйренесің;
• Құрама есептерді шығарасың;
• Көпбұрыштың периметрін қалай табуды еске түсіресің және үшбұрыштың периметрін есептеуді орындайсың.



Дұрыс тұжырымдарды таңда.

Балаларды ғарышқа жібер.
Сан қатарын қалпына келтір және дұрыс сандарды таңда.

28 және 5 сандарының қосындысын табайық, 5 санын ыңғайлы қосылғыштарға 2 және 3 деп бөлеміз.
Алдымен 28-ге 2-ні қосамыз, сосын 3-ті қосамыз және 33 аламыз.
Яғни, сандарды бөліктерге бөліп қосуға және азайтуға болады.
Өрнектің сан мәні бұдан өзгермейді.

Қайықтарға желкен таңда.
Сан мәндері тең өрнектерді тап.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда және жасырын сөзді оқы.

Қысқа жазба және сұрағы бар суретпен есепті шығар.
Үшінші бидонда неше литр квас бар?

Қайықтарға желкен таңда.
Сан мәндері тең өрнектерді тап.

Есепте. Дұрыс сандарды таңда және жасырын сөздерді оқы.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Дүкенге 7 жәшік алма, 3 жәшік алмұрт және 15 жәшік қызанақ әкелінді.
Көкөніс жәшіктері жеміс жәшіктерінен қаншаға көп әкелінді?

Есепте. Дұрыс сандарды таңда және жасырын сөздерді оқы.

Қанат ұзындығы ең үлкен көбелектен 20 сантиметрге қысқа көбелекті тап.
Оны таңда.

Еске түсір, көпбұрыштың периметрі – барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
4 см плюс 6 см плюс 3 см тең 13 см.
Яғни, берілген үшбұрыштың периметрі – 13 см.

Үшбұрыштың периметрін тап.
Дұрыс шешімдерді таңда.

Үшбұрыштың периметрін тап.
Дұрыс сандарды таңда.

Еске түсір, қосу амалын азайту арқылы тексереді.
Егер қосындыдан бір қосылғышты азайтсақ, екінші қосылғыш шығады.

Есепте және тексеру үшін азайту өрнектерін құрастыр.
Дұрыс сандарды таңда.