Тақырып   Тапсырмалар каталогы

7 санының көбейту және 7-ге бөлу кестесін қайталау және жаттау. Бірлікке келтіру және сандарды еселік салыстыруға арналған тапсырмалар


• 7 санының көбейту және 7-ге бөлу кестесін еске түсіресің;
• Көбейту өрнектерінен 7-ге бөлуі бар теңдіктер құрастыруды жаттығасың;
• Бірлікке келтіру туралы жаңа тапсырмалармен танысасың және оларды шешуді үйренесің;
• Сандарды бірнеше бірлікке және бірнеше есе арттыруды жетілдіресің;
• Сандарды еселік салыстыруға арналған тапсырмаларды шешуді жаттығасың;
• Атауымен берілген сандармен түрлендіру және арифметикалық амалдар орындауды үйренесің.



Схемалық суреттер бойынша тапсырмаларды шеш.
Бес бірдей печенье қорабының массасы қандай, егер бір қораптың массасы - 4 килограмм болса?

Тапсырманы тыңда. Төрт тауықтың массасы – 12 килограмм. Алты осындай тауықтың массасы қандай?
Тапсырманың қысқа жазбасын құрайық.
Тапсырма сұрағына жауап беру үшін бір тауықтың массасын білу керек.
Бірінші қадамда бір тауықтың массасын табамыз.
Ол үшін төрт тауықтың массасы – 12-ні олардың санына – 4-ке бөлеміз.
3 шығады. Демек, бір тауықтың массасы – 3 килограмм.
Екінші қадамда алты осындай тауықтың массасын табамыз.
Ол үшін бір тауықтың массасы – 3-ті олардың санына – 6-ға көбейтеміз. 18 шығады.
Демек, алты тауықтың массасы – 18 килограмм.

Қысқа жазба құрастыр және тапсырманы жоспар бойынша шеш.
Екі қорапта 10 кг кәмпит бар.
Жеті осындай қорапта неше килограмм кәмпит бар?

7 санының көбейту және 7-ге бөлу кестелері қалай құрылғанын еске түсір.
Оларды жаттап ал!

Құмырсқаларға үйшік салуға көмектес.
Алдымен өрнекті, содан кейін сәйкес есептеу нәтижесін таңда.

Берілген көбейту өрнектерінен 7-ге бөлуі бар өрнектер құрастыр.
Өрнектерден сандарды таңда.
Сонда суретші не салғанын көресің.

Киіз үйде кім бар екенін біл. Есепте және сәйкес сандарды таңда.

Кестені толтыр. Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және тапсырманы жоспар бойынша шеш.
Үшінші сыныпта 21 қыз бар, ал ұлдар – 14-ке аз.
Үшінші сыныпта қыздар ұлдарға қарағанда неше есе көп?

Андрейге таудың шыңына көтерілуге көмектес.
Берілген шамаларды кему ретімен орналастыр.

Үлгі бойынша түрлендіруді орында.
Сәйкес сандарды таңда.

Өрнектерге сәйкес есептеу нәтижелерін таңда. Сонда сен қамал саласың.

Тапсырманы шеш.
Бірінші кесіндінің ұзындығы 3 см,
екіншісі – 5 есе ұзын.
Бірінші кесінді екіншісінен неше сантиметрге қысқа?