Тақырып   Тапсырмалар каталогы

199-ға дейінгі санау. Бірінші және екінші деңгейдегі аралас амалдарға арналған тапсырмалар


• Ондықтар мен бірліктерден 100 саны қалай жасалатынын білесің және «жүз» санау бірлігімен танысасың;
• Ондықтар мен бірліктерден 101-ден 110-ға дейінгі сандар қалай жасалатынын, оқылатынын және жазылатынын анықтайсың;
• 101-ден 110-ға дейінгі сандарды 1-ді алдыңғы санға қосу және 1-ді келесі саннан азайту арқылы қалай жасалатынын зерттейсің;
• Үш таңбалы сандардың нөмірлеуіне сүйене отырып, 1-ді ауызша қосу және азайтуды орындайсың;
• Көбейту, қосу амалдары бар аралас тапсырмаларды шешу дағдыларын бекітесің.



Кестені толтыр. Дұрыс сандарды таңда.

Әр санға «көршілерін» таңда. Сонда балалардың шарларының түсін көресің.

Жазбаларға дұрыс сандарды таңда және жасырын сөзді оқы.

Қара, 10 кубик бір ондықты құрайды.
Демек, бір ондық – бұл 10 бірлік.
10 ондық кубик бір жүзді құрайды.
Демек, 10 ондық – бұл бір жүз.
Егер бір ондықта 10 бірлік болса,
ал 10 ондықтан бір жүз жасалады,
онда жүз жасау үшін біз 10 рет 10 бірліктен аламыз.
Демек, бір жүз – бұл 100 бірлік.
Есіңде сақта, бір ондық – бұл 10 бірлік.
10 ондық – бұл бір жүз.
Бір жүз – бұл 100 бірлік.

Кезектілікті орнат және сандар қатарын жалғастыр.
Дұрыс сандарды таңда.

Теңдіктерді құр.
Дұрыс жазуларды таңда.

100-ден 110-ға дейінгі сандар қалай жасалғанын қара.
101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110.
Жасалған сандардың атауларын есіңде сақта.

Машинаны жолға жібер.
Шаршылардың санын анықта және жүк кабинасына дұрыс санды таңда.

Әр суретте қанша ақша бар?
Дұрыс сандарды таңда.

Есіңе түсір, егер санға бірлік қоссаң, келесі санды аласың.
Егер саннан бірлік алсаң, алдыңғы санды аласың.

Өрнектерді есепте және дұрыс сандарды таңда.
Сонда суретші не салғанын білесің.

Қысқа жазба құрастыр және тапсырманы шеш.
Гүл дүкеніне раушандар әкелінді.
7 раушан сатылғаннан кейін, қалғаны сатылғаннан 9 есе көп болды.
Гүл дүкеніне қанша раушан әкелінді?

Қазыналары бар сандықтарды аш.
Дұрыс сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және тапсырманы шеш.
Ағаштың үш бұтағына әрқайсысына бес-бес торғай қонды.
Тағы алты бұтаққа әрқайсысына төрт-төрт торғай қонды.
Ағашқа қанша торғай қонды?

Өрнектерді салыстыр. Дұрыс белгілерді таңда.