Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Жүзді қосу және азайту. Жүздерді салыстыру. Үш таңбалы сандарды жүздік, ондық және бірліктен құрастыру. Үш таңбалы сандарды оқу


• Жүзді қосу және азайту жолын үйренесің;
• Сандарды, өрнекті және санды, сандық өрнектерді салыстыруды жаттықтырасың;
• Жүздікке ондық пен бірлікті қосуды үйренесің;
• Үш таңбалы сандар қалай құралады, оқылады және жазылады, соны білесің;
• Заттардың санын анықтап, санау нәтижесін сәйкес үш таңбалы санмен белгілеуді бекітесің;
• Үш таңбалы сандарды құрастыруды, жазуды және атауды үйренесің.



Зандылықты тап және сәйкес сандарды таңда.
Сонда сен ормандағы жолда кім бар екенін көресің.

Өрнектерді қара.
Зандылықты жаттап ал.
Егер 1 плюс 1 — 2 болса,
10 плюс 10 — 20 болады,
онда 100 плюс 100 — 200 болады.
4 плюс 1 — 5 болады,
40 плюс 10 — 50 болады.
Демек, 400 плюс 100 — 500 болады.
9 плюс 1 — 10 болады,
90 плюс 10 — 100 болады.
Демек, 900 плюс 100 — 1000 болады.

Сиқыршы қораптарға кімді жасырғанын тап.
Өрнектерді есепте және сәйкес сандарды таңда.

Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.

Қысқа жазба құрастыр және берілген жоспар бойынша есепті шығар.
Фермер бірнеше жәшік сәбіз жинады, әр жәшікте 9 кг бар.
Ол дүкенге 54 кг сәбіз апарғанда, тағы 27 кг қалды.
Фермер неше жәшік сәбіз жинады?

Дмитрикке үйіне тез жетуге көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.

Өрнектерді қара.
Егер 2 минус 1 — 1 болса,
20 минус 10 — 10 болады,
онда 200 минус 100 — 100 болады.
5 минус 1 — 4 болады.
50 минус 10 — 40 болады.
Демек, 500 минус 100 — 400 болады.
9 минус 1 — 8 болады.
90 минус 10 — 80 болады.
Демек, 900 минус 100 — 800 болады.

Қазына картасын табуға көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.

Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.

Үш таңбалы сандар жүздік, ондық және бірліктен құралады.
Үш жүз, бес ондық, төрт бірлік — 354 саны шығады.
Алты жүз, төрт ондық, тоғыз бірлік — 649 саны шығады.

Кемені алыс сапарға жібер.
Кубиктердің санын анықта және сәйкес санды таңда.

Жазбаларға сәйкес сандарды таңда.
Сонда лифт жұмыс істейді.

Жазбаларды қара.
Төрт жүз, үш ондық, жеті бірлік – бұл 437.
Сегіз жүз, тоғыз ондық, алты бірлік – бұл 896.
Бірінші орында оң жақта бірліктер, екінші орында – ондықтар, үшінші орында – жүздіктер жазылады.
Сандарды солдан оңға қарай оқиды.
Сандар қалай оқылатынын тыңда.
Екі жүз қырық бес, алты жүз отыз, тоғыз жүз он сегіз, төрт жүз жетпіс үш.

Метроға пойыз келді.
Сан жазбасына сәйкес цифрларды таңда.
Сонда пойыз жүреді.

Тапқырларға арналған тапсырма.
Қай екі таяқшаны алу керек екенін ойлан,
төрт бірдей шаршы қалу үшін?
Оларды таңда.