Тақырып Тапсырмалар каталогы
Ұзындық өлшемдері. Миллиметр. Ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасы
• Ұзындық өлшем бірліктерінің атауларын және олардың арақатынасын еске түсіресің;
• Қарапайым және күрделі атаулы сандарды салыстыруды жетілдіресің;
• Ұзындықтың жаңа өлшем бірлігі – «миллиметр» және оның қысқартылған белгісімен танысасың;
• Сантиметрде, дециметрде, метрде неше миллиметр бар екенін білесің;
• Ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайсың және метрмен, дециметрмен, сантиметрмен, миллиметрмен берілген атаулы сандарды түрлендіресің.
• Қарапайым және күрделі атаулы сандарды салыстыруды жетілдіресің;
• Ұзындықтың жаңа өлшем бірлігі – «миллиметр» және оның қысқартылған белгісімен танысасың;
• Сантиметрде, дециметрде, метрде неше миллиметр бар екенін білесің;
• Ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайсың және метрмен, дециметрмен, сантиметрмен, миллиметрмен берілген атаулы сандарды түрлендіресің.
Ұзындық өлшем бірліктерін еске түсір.
Олардың атауларын таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Ұзындығы 50 дециметр лентаның 4 бөлігін әрқайсысы 9 дециметрден кесіп алды.
Лентада неше дециметр қалды?
Тоқтышқа Нюшаға өз үйіне жетуге көмектес.
Түрлендір және дұрыс сандарды таңда.
Ұзындық өлшем бірліктерін еске түсірейік.
Сантиметр, дециметр, метр.
Бір метрде – 10 дециметр бар.
Бір дециметрде – 10 сантиметр бар.
Бір метрде – 100 сантиметр бар.
Метр – ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі.
Әртүрлі көлемдегі заттар мен нысандарды өлшеу үшін арнайы ұзындық бірліктері қолданылады.
Мысалы, сынып бөлмесінің, бассейннің, балалар алаңының ұзындығы мен енін метрмен өлшейді.
Партаның ұзындығы мен енін дециметрмен өлшейді.
Қарындаштың ұзындығын сантиметрмен өлшейді.
Сөйлемді жалғастыр.
Дұрыс жазуларды таңда.
Атаулы сандарды салыстыр.
Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.
Ұялы телефонның қалыңдығын өлшейміз. Ол 1 см-ден аз. Ыңғайлы болу үшін ұзындықтың кіші бірлігі – миллиметр қолданылады. Ұялы телефонның қалыңдығы – 7 мм.
Өте кішкентай заттардың өлшемін миллиметрмен өлшейді. Сызғыштағы 1 мм-ді үлкейтіп қарайық.
Қысқаша, миллиметр осылай жазылады.
Бір сантиметрде – 10 мм бар. Демек, миллиметр сантиметрден 10 есе кіші.
Назар аудар! Сызғыштағы бұл бөлік 5 мм ұзындықты көрсетеді.
Саған белгілі, бір дециметрде – 10 см бар.
Бір сантиметрде – 10 мм болса, бір дециметрде – 100 мм бар.
Бір дециметрде – 100 мм, ал бір метрде – 10 дециметр болса, бір метрде – 1000 мм бар.
Есте сақта! Бір сантиметрде – 10 мм.
Бір дециметрде – 100 мм.
Бір метрде – 1000 мм.
Түрлендір және дұрыс сандарды таңда.
Суретші не салғанын білесің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Күнқоңыздың денесінің ұзындығы 6 мм, ал құмырсқаның денесі 24 мм-ге ұзын.
Құмырсқаның денесі күнқоңыздан неше есе ұзын?
Өлшеу нәтижесі бойынша ең ұзын кесіндіні тап.
Оны таңда.
Максимге таудың шыңынан түсуге көмектес.
Ұзындық өлшем бірліктерін кему ретімен орналастыр.
Тиінге өз үйіне жетуге көмектес.
Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.
Өлшеу нәтижесі бойынша ең ұзын және ең қысқа кесінділердің айырмасын тап.
Жұмбақтарды шеш. Жауабы болатын геометриялық фигураларды таңда.
Көк, бірақ шаршы емес, бұрыштары бар.