Тақырып Тапсырмалар каталогы
Масса өлшемдері. Грамм, тонна. Өлшем бірліктерінің арақатынасы
• Масса өлшем бірліктерін еске түсіресің: килограмм, центнер;
• Өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтауды және күрделі аталған сандарды қарапайымға және керісінше айналдыруды үйренесің;
• Масса өлшемінің жаңа бірліктерімен – «грамм», «тонна» және олардың қысқартылған белгілеуімен танысасың;
• Келесі арақатынастарды білесің: килограмм мен грамм, тонна мен килограмм, тонна мен центнер;
• Масса өлшем бірліктерімен берілген аталған сандарды өсу ретімен орналастыруды жаттықтырасың;
• Қарапайым және күрделі аталған сандарды салыстырасың.

Масса өлшем бірліктерінің атауы бар қораптарды жүкке апар.
Сонда сен жүкті жолға жібересің.
Аюға балық аулауға көмектес.
Өзгерістер жаса және дұрыс сандарды таңда.
Электронды таразыны пайдаланып, алма салынған жәшіктің массасын білейік.
Бір жәшік алманың массасы – 25 килограмм.
Бір алманың массасын қалай білуге болады?
Ол бір килограмнан аз.
Кішкентай заттардың массасын өлшеу үшін кіші өлшем бірлігі – грамм қолданылады.
Бір алманың массасы – 100 грамм.
Қысқаша, грамм осылай белгіленеді.
Есте сақта! Бір килограммда – 1000 грамм.
Бұғыға пицца дайындауға көмектес.
Дұрыс сандарды таңда.
Ең жеңіл жануарды таңда.
Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.
Сонда айналма іске қосылады.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Бос банканың массасы – 200 грамм,
ал тосап салынған банканың массасы – 700 грамм.
Тосаптың массасы қандай?
Сегіз жәшік алманың массасын білейік.
Сегіз жәшік алманың массасы – екі центнер.
Машина әкелген алманың массасын білейік.
Алманың массасы – 10 центнер, бұл бір тоннаға тең, масса өлшемінің үлкен бірлігі.
Қысқаша тонна осылай белгіленеді.
Есте сақта! Өте ауыр жүктердің массасы тоннамен өлшенеді.
Бір тоннада – 1000 килограмм немесе 10 центнер.
Масса өлшем бірліктерінің арақатынасын есте сақта.
Бір тоннада – 10 центнер.
Бір центнерде – 100 килограмм.
Бір килограммда – 1000 грамм.
Дұрыс аталған сандарды таңда. Сонда таразы теңеседі.
Себетті жемістермен толтыруға көмектес.
Өзгерістер жаса және дұрыс сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Көк киттің массасы – 100 тонна, ал африкалық пілдің массасы – 6 тонна.
Жануарлардың жалпы массасы қандай?
Масса өлшем бірліктерін кему ретімен орналастыр.
Фермерге қаптарды диірменге апаруға көмектес.
Үлкен, кіші немесе тең белгісін қой.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Пілдің массасы 5 тонна.
Бегемоттың массасы – 1 тонна.
Бегемоттың массасы пілдің массасынан неше есе аз?
Аталған сандарды өсу ретімен орналастыр.
Сонда сен түлкінің кімге асығып бара жатқанын көресің.
Софияға саңырауқұлақ жинауға көмектес.
Есепте және дұрыс сандарды таңда.