Тақырып Тапсырмалар каталогы
Дөңгелек үш таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу мен азайту. Бірлікке келтіру бойынша кеңейтілген тапсырма
• Үш таңбалы сандардағы жүздіктер, ондықтар және бірліктердің жалпы санын анықтайсың;
• Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға бөлуді жаттығасың;
• Дөңгелек үш таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тәсілдерімен танысасың;
• Қосудың ауыстырымдылық заңын еске түсіресің және өрнектерді ыңғайлы тәсілмен есептеуді үйренесің;
• Бірлікке келтіру бойынша кеңейтілген тапсырмаларды шешуді үйренесің.
• Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға бөлуді жаттығасың;
• Дөңгелек үш таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тәсілдерімен танысасың;
• Қосудың ауыстырымдылық заңын еске түсіресің және өрнектерді ыңғайлы тәсілмен есептеуді үйренесің;
• Бірлікке келтіру бойынша кеңейтілген тапсырмаларды шешуді үйренесің.
Әр санның жүздігі, ондығы және бірлігінің жалпы санын анықта.
Сәйкес сандарды таңда.
Бірлікті қосу және азайту ережесін еске түсір және сәйкес сандарды таңда. Сонда үйде жарық жанады.
Әр санды разрядтық қосылғыштарға бөл, ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда.
Дөңгелек үш таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тәсілдерін еске түсір.
50 плюс 70 өрнегін есептейік.
50 – бұл 5 ондық, ал 70 – 7 ондық.
5 ондыққа 7 ондықты қоссаң, 12 ондық болады, ол – 120 саны.
Демек, 50 плюс 70 – 120 болады.
140 минус 60 өрнегін есептейік.
140 – бұл 14 ондық, ал 60 – 6 ондық.
14 ондықтан 6 ондықты азайтсаң, 8 ондық қалады, ол – 80 саны.
Демек, 140 минус 60 – 80 болады.
400 плюс 300 өрнегін есептейік.
400 – бұл 4 жүздік, ал 300 – 3 жүздік.
4 жүздікке 3 жүздікті қоссаң, 7 жүздік болады, ол – 700 саны.
Демек, 400 плюс 300 – 700 болады.
900 минус 400 өрнегін есептейік.
900 – бұл 9 жүздік, ал 400 – 4 жүздік.
9 жүздіктен 4 жүздікті азайтсаң, 5 жүздік қалады, ол – 500 саны
Демек, 900 минус 400 – 500 болады
Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Сонда сен жем салғышқа ұшып келетін құстарды көресің.
Айнымалысы бар өрнектің мәнін тап және сәйкес сандарды таңда. Сонда сен пойызды жолға жібересің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Аяқ киім дүкенінде 600 жұп әйел аяқ киімі болды,
ал ерлер аяқ киімі – 400 жұпқа аз.
Дүкенде барлығы неше жұп аяқ киім болды?
Пятачокқа көмектес.
Есептеулерді ретімен орында және сәйкес сандарды таңда.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін еске түсір.
Өрнектерді ыңғайлы тәсілмен есепте және сәйкес сандарды таңда.
Есепті тыңда.
Жеті қорап печенье массасы – 35 килограмм.
Мармелад қорабының массасы печенье қорабынан 2 килограммға артық.
Төрт қорап мармеладтың массасы қандай?
Есептің қысқа жазбасын құрайық.
Алдымен бір қорап печеньенің массасын анықтаймыз.
Ол үшін жеті қораптың массасы – 35, оны 7-ге бөлеміз.
5 килограмм аламыз – бұл бір қорап печеньенің массасы.
Екінші қадамда мармелад қорабының массасын анықтаймыз.
Ол үшін печенье қорабының массасына, беске екі қосамыз.
7 килограмм аламыз – бұл бір қорап мармеладтың массасы.
Енді үшінші қадамда төрт қорап мармеладтың массасын анықтай аламыз.
Ол үшін бір қораптың массасын – 7, оны 4-ке көбейтеміз.
28 килограмм аламыз – бұл төрт қорап мармеладтың массасы.
Жауабы:
Төрт қорап мармеладтың массасы – 28 килограмм.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Турист үш сағатта 15 километр жүреді.
Егер ол бір сағатта бір километрге аз жүрсе, 16 километрді неше сағатта өтеді?
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін еске түсір.
Өрнектерді ыңғайлы тәсілмен есепте және сәйкес сандарды таңда.
Тік бұрыштарды тап. Оларды таңда.
Сиқырлы квадраттарды толтыр.
Сәйкес сандарды таңда.