Тақырып Тапсырмалар каталогы
430 + 250 түріндегі қосу. Бірлікке дейінгі кеңейтілген есеп
• Үш таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу дағдыларын жетілдіресің;
• Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға бөлуге үйренесің;
• 430 + 250 түріндегі үш таңбалы сандарды разряд бойынша қосу тәсілімен танысасың және осы тәсілді есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Бірлікке дейінгі кеңейтілген есепті және санды бірнеше бірлікке арттыру есебін шығаруды бекітесің;
• Үшбұрыштың периметрін есептейсің.
• Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға бөлуге үйренесің;
• 430 + 250 түріндегі үш таңбалы сандарды разряд бойынша қосу тәсілімен танысасың және осы тәсілді есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Бірлікке дейінгі кеңейтілген есепті және санды бірнеше бірлікке арттыру есебін шығаруды бекітесің;
• Үшбұрыштың периметрін есептейсің.
Балаларға аққала жасауға көмектес.
Есепте және дұрыс сандарды таңда.
Әр санның ондықтарын анықта және дұрыс сандарды таңда. Сонда сен мұзжарғышты көресің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
4 сағатта хатшы компьютерде 24 бет мәтін тереді.
6 сағатта ол неше бет мәтін тереді,
егер бір сағатта екі бетке артық терсе?
Сандарды разрядтық қосылғыштарға бөл, ең үлкен разрядтан бастап.
Дұрыс сандарды таңда. Сонда сен пілдердің цирк нөмірін көресің.
Өрнекті қара.
430-ға 250 қосу үшін, бұл сандарды разрядтық қосылғыштарға бөлу керек.
430 — 400 және 30, ал 250 — 200 және 50.
Алдымен жүздіктерді қосамыз.
400-ге 200 қосамыз.
600 шығады.
Ондықтарды қосамыз.
30-ға 50 қосамыз.
80 шығады.
Табылған нәтижелерді қосамыз.
600-ге 80 қосамыз.
680 шығады.
Яғни, 430-ға 250 қосу — 680 болады.
Есте сақта!
430 + 250 түріндегі өрнектерді есептеу
разряд бойынша қосу тәсілімен мынадай ретпен орында:
Сандарды разрядтық қосылғыштарға бөл.
Жүздіктерге жүздіктерді қос.
Ондықтарға ондықтарды қос.
Табылған нәтижелерді қос.
Суретті боя. Есепте және дұрыс сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Ақ аюдың массасы – 210 кг.
Тюленнің массасы ақ аюдан 150 кг артық.
Ал морждың массасы тюленнен 420 кг артық.
Морждың массасы қанша?
Тізбекті өрнектерді есепте және дұрыс сандарды таңда.
Сонда сен жаңа жылдық венокты әсемдейсің.
Ойлан, қандай арифметикалық амалдар орындау керек?
Дұрыс таңбаларды таңда.
Сонда сен балаларға жаңа жылдық шыршаны безендіруге көмектесесің.
Автобусты рейске жібер.
Әр санды 120-ға дейін толықтыр және дұрыс сандарды таңда.
Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз және есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан бастап.
Дұрыс сандарды таңда.
Үшбұрыштың периметрін тап.
Дұрыс сандарды таңда.
Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз және есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан бастап.
Дұрыс сандарды таңда.
Әр келесі цифры алдыңғыдан екіге кем үш таңбалы сандар құрастыр.
Дұрыс цифрларды нөмірлік кестеге таңда.