Тақырып   Тапсырмалар каталогы

760 – 520 түріндегі ауызша азайту. Үш санды олардың қосындысы мен екі қосындысының қосындылары арқылы табу есептері


• Үш таңбалы сандарды разрядтық қосындыларға бөлесің;
• Берілген сандардағы жүздіктер санын анықтайсың;
• Дөңгелек үш таңбалы сандарды қосу және азайту есептеу дағдыларын жетілдіресің;
• 760 – 520 түріндегі азайтуды, сандарды разрядтық қосындыларға бөліп, үйренесің;
• Сандарды олардың қосындылары арқылы табу есептерін шығаруды үйренесің.



Сандарды разрядтық қосындыларға бөл, ең үлкен разрядтан бастап.
Сәйкес сандарды таңда. Сонда сен кімнің қарда із қалдырғанын білесің.

Өрнекті разрядтық қосу тәсілімен есепте, ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
7 бидонда 63 литр сүт бар.
Егер бір банкада бір бидоннан 6 литрге аз болса, төрт банкада қанша литр сүт бар?

Өрнекті разрядтық қосу тәсілімен есепте, ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда.

Балаларға қысқы ойынға өз заттарын табуға көмектес.
Әр санның жүздігін анықта және сәйкес сандарды таңда.

Есепте және сәйкес сандарды таңда. Сонда суретші не салғанын көресің.

Өрнекті қара.
760-тан 520-ны азайту үшін, бұл сандарды разрядтық қосындыларға бөлу керек.
760 – 700 және 60-қа, ал 520 – 500 және 20-ға бөлінеді.
Алдымен жүздіктерді азайтамыз.
700-ден 500-ді азайтамыз.
200 шығады.
Ондықтарды азайтамыз.
60-тан 20-ны азайтамыз.
40 шығады.
Табылған нәтижелерді қосамыз.
200-ге 40-ты қосамыз.
240 шығады.
Демек, 760-тан 520-ны азайтсақ, 240 болады.
Есте сақта!
760 минус 520 түріндегі өрнектерді разрядтық азайту тәсілімен есептеуді мынадай ретпен орында:1600:01:08,160 --> 00:01:10,560Сандарды разрядтық қосындыларға бөл.
Жүздіктерден жүздіктерді азайт.
Ондықтардан ондықтарды азайт.
Табылған нәтижелерді қос.

Пингвиндерге анасын табуға көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Кітап дүкеніне 380 кітап әкелінді.
Олардың 150-і жоғарғы сөреге қойылды,
қалғаны – төменгі сөреге.
Төменгі сөреге қанша кітап қойылды?

Бір центнерде – 100 килограмм бар екенін есіңе түсір.
Түрлендір және сәйкес сандарды таңда.
Сонда сен себетті жеміспен толтыруға көмектесесің.

Есепті тыңда.
Көйлек, күртеше және белдемше үшін анасы 980 теңге төледі.
Көйлек пен күртеше үшін 770 теңге, ал күртеше мен белдемше үшін – 660 теңге төледі.
Әр зат үшін анасы қанша теңге төледі?
Есептің қысқа жазбасын құрайық.
Бұл есепті екі тәсілмен шығаруға болады.
Бірінші тәсіл.
Бірінші қадамда көйлектің бағасын анықтаймыз.
Ол үшін барлық сатып алудың бағасынан – 980, күртеше мен белдемшенің бағасын – 660 азайтамыз.
320 теңге шығады – көйлектің бағасы.
Екінші қадамда белдемшенің бағасын анықтаймыз.
Ол үшін барлық сатып алудың бағасынан – 980, күртеше мен көйлектің бағасын – 770 азайтамыз.
210 теңге шығады – белдемшенің бағасы.
Үшінші қадамда күртешенің бағасын анықтаймыз.
Ол үшін күртеше мен белдемшенің бағасынан – 660
белдемшенің бағасын – 210 азайтамыз.
450 теңге шығады – күртешенің бағасы.
Жауабы:
көйлек – 320 теңге, белдемше – 210 теңге, күртеше – 450 теңге.
Есепті екінші тәсілмен шығарайық.
Бірінші қадамда көйлектің бағасын анықтаймыз.
Екінші қадамда белдемшенің бағасын анықтаймыз.
Үшінші қадамда күртешенің бағасын анықтаймыз.
Ол үшін күртеше мен көйлектің бағасынан – 770, көйлектің бағасын – 320 азайтамыз.
450 теңге шығады – күртешенің бағасы.
Жауабы:
көйлек – 320 теңге, белдемше – 210 теңге, күртеше – 450 теңге.
Есепті шешудің екі тәсілін салыстыр.
Алғашқы екі қадам екі тәсілде де бірдей.
Олар тек үшінші қадамда ғана өзгеше –
күртешенің бағасын әртүрлі тәсілмен таптық.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Азық-түлік супермаркетіне 980 кг жеміс әкелінді.
Банан мен алмадан 750 кг, ал алма мен апельсиннен – 570 кг әкелінді.
Супермаркетке әр жемістің қанша килограмы әкелінді?

Аққала ойна. Есепте және сәйкес сандарды таңда.

Тапқырларға арналған тапсырма.
Суреттердегі үшбұрыштарды сана.
Сәйкес сандарды таңда.

Сурет бойынша қонжықтың массасын анықта.
Дұрыс жауапты таңда.