Тақырып Тапсырмалар каталогы
320 + 400, 320 + 40 түріндегі қосу. Үш таңбалы дөңгелек сандарды ауызша қосу тәсілдерін салыстыру
• 43 + 5, 43 + 50 түріндегі сандарды қосу дағдысын бекітесің, бірінші санды разрядтық қосылғыштарға бөліп;
• Теңдеулерді тексерумен шешуді жаттықтырасың;
• 320 + 400, 320 + 40 түріндегі үш таңбалы дөңгелек сандарды әртүрлі тәсілдермен қосуды үйренесің, оларды салыстырасың және есептеу кезінде қолдануды үйренесің;
• Қарсы қозғалысқа және үш санды олардың қосындысы мен екі қосылғыштың қосындылары арқылы табуға арналған құрама есептерді шешесің;
• Әр түрлі деңгейдегі амалдарға арналған өрнектерді есептейсің.
• Теңдеулерді тексерумен шешуді жаттықтырасың;
• 320 + 400, 320 + 40 түріндегі үш таңбалы дөңгелек сандарды әртүрлі тәсілдермен қосуды үйренесің, оларды салыстырасың және есептеу кезінде қолдануды үйренесің;
• Қарсы қозғалысқа және үш санды олардың қосындысы мен екі қосылғыштың қосындылары арқылы табуға арналған құрама есептерді шешесің;
• Әр түрлі деңгейдегі амалдарға арналған өрнектерді есептейсің.
Әр санның жүздігі, ондығы және бірлігін анықта.
Сәйкес сандарды таңда. Сонда сен мұзжарғышты көресің.
Бірінші санды разрядтық қосылғыштарға бөл және есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және жоспар бойынша есепті шеш.
Екі қаладан, арақашықтығы 450 километр,
екі көлік шықты және біраз уақыттан кейін кездесті.
Бірінші көлік кездесу орнына дейін 210 километр жүрді.
Кездесуге дейін екінші көлік біріншіге қарағанда қанша километр артық жүрді?
Бірінші санды разрядтық қосылғыштарға бөл және есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан баста.
Сәйкес сандарды таңда.
Аюға балық аулауға көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Өрнекті қара.
320 санын разрядтық қосылғыштарға бөлеміз –
300 және 20.
Алдымен жүздіктерді қосамыз.
300-ге 400-ді қосамыз.
700 аламыз.
Енді 700-ге 20-ны қосамыз.
720 аламыз.
Яғни, 320-ға 400-ді қосу – 720 болады.
Мұндай өрнектердің мәнін табуға екі таңбалы сандарды қосу дағдыларын да қолдануға болады.
320 – бұл 32 ондық.
400 – бұл 40 ондық.
32 ондық плюс 40 ондық тең 72 ондық немесе 720.
Есепте және сәйкес сандарды таңда. Сонда сен орман тұрғындарының қысты қалай өткізетінін білесің.
Өрнекті қара.
Алдымен 320 санын разрядтық қосылғыштарға бөлеміз – 300 және 20.
Ондықтарды ондықтарға қосамыз.
20-ға 40-ты қосамыз.
60 аламыз.
Енді 60-қа 300-ді қосамыз.
360 аламыз.
Яғни, 320-ға 40-ты қосу – 360 болады.
Мұндай өрнектердің мәнін басқа тәсілмен де табуға болады:
320 – бұл 32 ондық.
40 – бұл 4 ондық.
32 ондық плюс 4 ондық тең 36 ондық немесе 360.
Өрнекті таңда, сосын есептеу нәтижесін таңда.
Сонда сен кім маршруттық таксиге отырғанын білесің.
Өрнектерді есепте және сәйкес сандарды таңда. Сонда сен суретшінің не салғанын білесің.
Үш таңбалы дөңгелек сандарды әртүрлі тәсілдермен қосуға болады.
Сандарды разрядтық қосылғыштарға бөліп, разряд бойынша қосу орында.
Екінші қосылғышты разрядтық қосылғыштарға бөліп, 340 санына алдымен 500-ді, сосын 20-ны қос.
Үш таңбалы сандардың ондықтарының жалпы санын анықта және екі таңбалы сандарды қосу орында.
Есептеуді ретімен орында және сәйкес сандарды таңда.
Сонда сен аққалалар жаңа жылдық сыйлықтарды қайда жинағанын көресің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Қазақстанның бас шыршасын безендіру үшін 890 шырша ойыншығы қолданылды.
Олардың ішінде: 570 ойыншық – көк және сары түсті, ал 630 ойыншық – сары және күлгін түсті.
Қазақстанның бас шыршасын безендіру үшін әр түстен неше ойыншық қолданылды?
Теңдеуді тексерумен шеш, сәйкес таңбалар мен сандарды таңда. Сонда сен қар үйлерде кім тұратынын білесің.
Күшік Күзеге иесін қуып жетуге көмектес.
Есептеуді ретімен орында және сәйкес сандарды таңда.
Сынық сызықтың ұзындығын тап.
Сәйкес шешімді таңда.