Тақырып   Тапсырмалар каталогы

870 – 300, 870 – 30 түріндегі азайту. Үш таңбалы дөңгелек сандарды ауызша азайтудың тәсілдерін салыстыру


• Айнымалысы бар өрнектің мәнін табуды үйренесің;
• 64 – 30, 64 – 3 түріндегі азайтуды орындауды, азайғышты разрядтық қосындыларға жіктеуді бекітесің;
• 870 – 300, 870 – 30 түріндегі үш таңбалы дөңгелек сандарды әртүрлі тәсілдермен азайтумен танысасың, оларды салыстырасың және есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Бірлікке келтіру және әріптік деректері бар есепті шешуді орындайсың.



Айнымалысы бар өрнектің мәнін тап және дұрыс сандарды таңда. Сонда сен балаларға қар қамалын салуға көмектесесің.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
4 сызғышқа 16 теңге төледі.
Егер дәптер сызғыштан 5 теңгеге қымбат болса, 6 дәптерге қанша теңге төлеу керек?

Азайғышты разрядтық қосындыларға жікте және есептеуді ретімен орында, ең үлкен разрядтан баста.
Дұрыс сандарды таңда.

Өрнекті қара. Есептеу үшін 870 санын разрядтық қосындыларға жіктеу керек – 800 және 70.
Алдымен жүздіктерді азайтамыз. 800-ден 300-ді азайтамыз. 500 шығады.
Енді 500-ге 70-ті қосамыз. 570 болады. Яғни, 870-тен 300-ді азайту 570 болады.
Мұндай өрнектердің мәнін табу үшін екі таңбалы сандарды азайту дағдыларын қолдануға болады.
870 – бұл 87 ондық. 300 – бұл 30 ондық. 87 ондықтан 30 ондықты азайтсақ, 57 ондық немесе 570 болады.

Балаларға Аяз Атаға хат жіберуге көмектес.
Есепте және дұрыс сандарды таңда.

Ең үлкен разрядтан бастап, азайғышты разрядтық қосындыларға жікте.
Және ыңғайлы тәсілмен есептеуді орында.
Дұрыс сандарды таңда.

Өрнекті қара. Есептеу үшін 870 санын разрядтық қосындыларға жіктеу керек – 800 және 70.
Ондықтарды ондықтардан азайтамыз, 70-тен 30-ды азайтамыз, 40 шығады.
Енді 800-ге 40-ты қосамыз, 840 болады. Яғни, 870-тен 30-ды азайту 840 болады.
Мұндай өрнектердің мәнін басқа тәсілмен де табуға болады.
870 – бұл 87 ондық. 30 – бұл 3 ондық. 87 ондықтан 3 ондықты азайтсақ, 84 ондық немесе 840 болады.

Суретті боя. Есепте және дұрыс сандарды таңда.

Әріптік деректері бар есепті шеш.
Ұн салынған үш бірдей қаптың массасы – а килограмм.
Осындай жеті қаптың массасы қандай?

Есепте және дұрыс сандарды таңда.
Сонда тау шаңғы көтергіші іске қосылады.

Үш таңбалы дөңгелек сандарды әртүрлі тәсілдермен азайтуға болады.
Сандарды разрядтық қосындыларға жіктеп, разряд бойынша азайту орында.
Азайтқышты разрядтық қосындыларға жіктеп, азайғыштан алдымен 200-ді, сосын 50-ні азайт.
Үш таңбалы сандардағы ондықтардың жалпы санын анықта және екі таңбалы сандарды азайтуды орында.

Есепте және дұрыс сандарды таңда. Сонда қар тазалайтын машина қарды тазартады.

Шыршадан шешуінде қате кеткен өрнектерді тап.
Оларды таңда.

Суреттерді қара. Барлық бұрыштарды сана және дұрыс сандарды таңда. Сонда сен бұрыштардың сиқырлы өзгерістерін көресің.


Әр келесі цифры алдыңғысынан үшке үлкен болатын үш таңбалы сандарды қанша жасауға болатынын анықта.
Осы санды таңда – сонда үйде кім тұратынын білесің.