Тақырып Тапсырмалар каталогы
340 + 60, 400 – 70 түріндегі қосу және азайту. Атауымен сандармен амалдар. Есептерді шешу
• Екі таңбалы сандарды қосу және азайту дағдыларын ыңғайлы тәсілмен жетілдіресің;
• 340 + 60 түріндегі қосумен танысасың, үш таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөліп, және 400 – 70 түріндегі азайтумен танысасың, үш таңбалы санды ыңғайлы қосылғыштарға бөліп;
• Сандарды олардың қосындылары бойынша табу және бірлікке дейін қысқартылған есептерді шешесің;
• Атауымен сандармен арифметикалық амалдар орындайсың;
• Әр түрлі деңгейдегі амалдарды бірге орындау өрнектерін есептейсің.

Автобусты рейске жібер. Әр санды 100-ге дейін толықтыр және сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Үш күн ішінде кинотеатрға 490 бала барды.
Бірінші және екінші күні кинотеатрға 280 бала барды,
ал екінші және үшінші күні – 370 бала.
Әр күні кинотеатрға қанша бала барғанын тап.
Бірінші санды разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде жаз және ыңғайлы тәсілмен есепте.
Сәйкес сандарды таңда.
Өрнекті қара.
Алдымен 340 санын разрядтық қосылғыштарға бөлеміз – 300 және 40.
Ондықтарды ондықтарға қосамыз.
40-қа 60-ты қосамыз, 100 шығады.
Енді 100-ге 300-ді қосамыз, 400 болады.
Демек, 340-қа 60 қосу 400 болады.
Мұндай өрнектердің мәнін басқа тәсілмен де табуға болады.
340 – бұл 34 ондық, 60 – бұл 6 ондық.
34 ондық плюс 6 ондық тең 40 ондық немесе 400.
Бірінші санды разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде жаз және ыңғайлы тәсілмен есепте.
Сәйкес сандарды таңда.
Балаларға жаңа жылдық маскаларын табуға көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.
Арашы 21 литр балды 7 бірдей банкаға құйды.
Бидонның сыйымдылығы банкадан 2 литрге артық.
45 литр балды құю үшін қанша бидон керек екенін тап.
Кеміткішті ыңғайлы қосылғыштарға бөл және есепте.
Сәйкес сандарды таңда. Сонда сен мысықтың немен ойнағысы келетінін білесің.
Өрнекті қара. Есептеу үшін 400 санын ыңғайлы қосылғыштарға бөлу керек – 300 және 100.
Алдымен 100-ден 70-ті азайтамыз, 30 шығады. Енді 300-ге 30-ды қосамыз, 330 болады.
Демек, 400-ден 70 азайту 330 болады.
Мұндай өрнектердің мәнін басқа тәсілмен де табуға болады.
400 – бұл 40 ондық. 70 – бұл 7 ондық.
40 ондық минус 7 ондық тең 33 ондық, немесе 330.
Кеміткішті ыңғайлы қосылғыштарға бөл және есепте.
Сәйкес сандарды таңда. Сонда сен Іринаның мәнерлеп сырғанаудағы өнерін көресің.
Шеберге машинаны жөндеуге көмектес.
Сәйкес сандарды таңда.
Сурет бойынша есеп құрастыр және сұрақпен шеш:
«Әр морждың, ақ аюдың және солтүстік бұғының массасы қандай?»
Олесіге жаңа жылдық шыршаны безендіруге көмектес.
Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Есепте, түрлендір және сәйкес сандарды таңда.
Сонда сен қызықты клоундардың трюктерін көресің.
Балаларға сырғанақтан түсуге көмектес. Есепте және сәйкес сандарды таңда.
Кайға Қар ханшайымының тапсырмасын орындауға көмектес.
Барлық үшбұрыштарды тап және таңда.