Тақырып Тапсырмалар каталогы
1000-ге дейінгі көбейту мен бөлу тәсілдері. Екі көбейтіндінің қосындысы мен айырмасын табу есептері. Есепті екі тәсілмен шығару
• Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалай көбейту керек екенін еске түсіресің;
• Екі көбейтіндінің қосындысы мен айырмасын табу есептерін шығарасың;
• Кезекпен көбейту және бөлу, іріктеу тәсілдерімен есептеуді жетілдіресің;
• Бірдей қабырғалы шаршы мен үшбұрыштың периметрлерінің айырмасын табасың;
• Үйренген бөлу амалдарын өрнектерде есептеуді орындайсың.
• Екі көбейтіндінің қосындысы мен айырмасын табу есептерін шығарасың;
• Кезекпен көбейту және бөлу, іріктеу тәсілдерімен есептеуді жетілдіресің;
• Бірдей қабырғалы шаршы мен үшбұрыштың периметрлерінің айырмасын табасың;
• Үйренген бөлу амалдарын өрнектерде есептеуді орындайсың.
Сәйкес сандарды таңда. Сонда балалар мұхитариумда қандай теңіз жануарларын көргенін білесің.
Наталочка мен анасымен бірге бәліш дайындауға көмектес.
Үлгі бойынша есептеуді орында және сәйкес сандарды таңда.
Еске түсір, екі таңбалы немесе үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін: алдымен екі таңбалы немесе үш таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөл.
Әр қосылғышты бір таңбалы санға көбейт.
Табылған көбейтінділерді қос.
Бұл алгоритмді есте сақта.
Есептеуді орында, бірінші көбейткішті разрядтық қосылғыштарға бөл.
Сәйкес сандарды таңда, сонда сен Серікке өзеннен өтуге көмектесесің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Пойызға бидай тиеді – әрқайсысында 75 тоннадан 5 вагон.
Және жүгері – әрқайсысында 65 тоннадан 3 вагон.
Барлығы неше тонна дәнді дақылдар вагондарға тиелді?
Балалар планетарийдегі экскурсияда не көретінін білу үшін, үлгі бойынша кезекпен көбейту тәсілімен есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті екі тәсілмен шығар.
Ойын-сауық саябағында клоун бес балаға 35 жасыл және 25 сары шарды тең бөлді.
Әр бала неше шар алды?
Максим телескоптан не көргенін біл.
Үлгі бойынша есептеуді орында, бөлінетін санды разрядтық қосылғыштарға бөл.
Сәйкес сандарды таңда, сонда сен парашютшілерге қонуға көмектесесің.
Шопанға қойларды жинауға көмектес.
Іріктеу тәсілімен есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда.
Бөлгішті ыңғайлы көбейткіштерге бөл және кезекпен бөлу тәсілімен есептеуді орында.
Сонда балалар джунглиде кімді көретінін білесің.
Орман тұрғындарына Дана Үкінің тапсырмасын орындауға көмектес.
Ережелерді қалпына келтір және сәйкес сөздерді таңда.
Суреттерге қарап, осы формуламен периметрі есептелетін фигураларды таңда. Сонда сен көңілді клоундардың цирктік нөмірін көресің.
Суреттер бойынша бірдей қабырғалы шаршы мен үшбұрыштың периметрлерінің айырмасын тап.
Өрнектердегі амалдардың ретін нөмірле. Сәйкес сандарды таңда, сонда сен Марияның құмыраларда не өсіретінін көресің.
Ойлан. Отбасында үш қыз бар. Әрқайсысының ағасы бар. Отбасында неше бала бар? Дұрыс жауапты таңда.