Тақырып Тапсырмалар каталогы
Бөлшектің мәні бойынша санды табу. Бөлшекті және оның мәні бойынша санды табу есептерін шығару
• Санның бөлшегін табуды үйренесің;
• Бөлшектің мәні бойынша санды табу ережесімен танысасың және оны есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Санның бөлшегін және бөлшектің мәні бойынша санды табу есептерін шығарасың;
• Бірдей бөлімдері бар бөлшектерді салыстырасың.
• Бөлшектің мәні бойынша санды табу ережесімен танысасың және оны есептеулерде қолдануды үйренесің;
• Санның бөлшегін және бөлшектің мәні бойынша санды табу есептерін шығарасың;
• Бірдей бөлімдері бар бөлшектерді салыстырасың.
Ойлан. Әр бөлшекке дұрыс алым мен бөлімді таңда.
Сен Андрийкаға пицца жеткізуге көмектесесің.
Бөлшектерге дұрыс жазуларды таңда.
Сонда тау шаңғы көтергіші жұмыс істейді.
Әр саннан бөлшекті тап.
Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.
Терезеде аяз қандай сурет салғанын біл.
Саннан бөлшекті тап.
Теңдікті толтыр.
Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.
Есепті шарт бойынша және сызбамен шығарайық.
Бес бөліктің екеуінің ұзындығы төрт сантиметрге тең.
Барлық кесіндінің ұзындығы қандай?
Егер бес бөліктің екеуінің ұзындығын 2 тең бөлікке бөлсек,
онда кесіндінің 5 бөлігінің біреуінің ұзындығын аламыз.
Яғни, 4-ті 2-ге бөлеміз, 2 сантиметр аламыз.
Егер бес бөліктің біреуінің ұзындығы екі сантиметрге тең болса,
онда барлық кесіндінің ұзындығы 2 сантиметрден 5 рет болады.
2-ні 5-ке көбейтеміз, 10 сантиметр аламыз.
Демек, барлық кесіндінің ұзындығын табу үшін,
біз 4 сантиметрді, бес бөліктің екеуінің ұзындығын, 2-ге бөлдік,
сосын 5-ке көбейттік.
Жауабын жазайық.
Есте сақта!
Бөлшектің мәні бойынша санды табу үшін,
бөлшек мәнін алымға бөлу керек
және шыққан нәтижені бөлімге көбейту керек.
Есепті шарт және сызба бойынша шығар.
Бөлшектің мәні бойынша санды тап.
Дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.
Есепті шарт және сызба бойынша шығар.
Есепті шарт және сурет бойынша шығар.
Кім сыйлық алғанын біл.
Бөлшектерді салыстыр және дұрыс таңбаларды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.