Тақырып Тапсырмалар каталогы
Екі таңбалы санға қалдықпен ауызша бөлу. Санның бөлшегін табу және бірге келтіру есептері
• Бір таңбалы санға қалдықпен ауызша бөлуді еске түсіресің;
• Екі таңбалы санға қалдықпен ауызша бөлуді іріктеу және кезектес бөлу тәсілдерімен үйренесің;
• Екі санның бөлшегі мен қалдығын табуды, қалдықтың қасиеттерін қолдануды үйренесің;
• Санның бөлшегін табу және бірге келтіру есептерін шығарасың.
• Екі таңбалы санға қалдықпен ауызша бөлуді іріктеу және кезектес бөлу тәсілдерімен үйренесің;
• Екі санның бөлшегі мен қалдығын табуды, қалдықтың қасиеттерін қолдануды үйренесің;
• Санның бөлшегін табу және бірге келтіру есептерін шығарасың.
Дүкендегі сөрелерге ойыншықтарды орналастыруға көмектес.
Санның бөлшегін тап.
Сәйкестендір дұрыс сандар мен таңбаларды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Іріктеу тәсілімен есептеуді орында.
Сонда сен балалардың би билеуін көресің.
Қалдықпен бөлуді орында. Дұрыс сандарды таңда – сонда сен жүк көлігінің не таситынын білесің.
Қалдықпен бөлуді орындаймыз.
57 мен 13 сандарының бөлшегін табамыз.
57-ден кіші және 13-ке қалдықсыз бөлінетін ең үлкен санды анықтаймыз.
Бұл сан 52.
52-ні 13-ке бөлеміз, 4 шығады.
Бөлшекке 4 деп жазамыз.
Қалдықты табамыз.
Ол үшін 57-ден 52-ні аламыз, 5 шығады.
Қалдыққа 5 деп жазамыз.
Демек, 57-ні 13-ке бөлсек, бөлшекте 4, қалдықта 5 болады.
Бұл бөлме кімге тиесілі екенін біл.
Қалдықпен бөлуді орында және дұрыс сандарды таңда.
Балаларға қайықтарды жүзуге жіберуге көмектес.
Кезектес бөлу тәсілімен бөлшекті тап.
Қалдықпен ауызша бөлеміз.
30-ды ыңғайлы көбейткіштерге – 10 және 3-ке бөлеміз, кезектес бөлу тәсілімен бөлшекті табамыз.
Есіңде сақта.
Әрекеттерді орындағанда, қалдықты табудың қажеті жоқ, бірақ қалдық бөлгіштен кіші болу керек екенін ұмытпа.
Алдымен 286-ны 10-ға бөлеміз, 28 шығады.
Сосын 28-ді 3-ке бөлеміз, 9 шығады.
Бөлшекке 9 деп жазамыз.
Қай сан бөлінгенін білейік.
30-ды 9-ға көбейтеміз, 270 шығады.
Қалдықты табамыз.
286-дан 270-ті аламыз, 16 шығады.
Қалдыққа 16 деп жазамыз.
Демек, 286-ны 30-ға бөлсек, бөлшекте 9, қалдықта 16 болады.
София кімге киім тігетінін біл. Бөлшек пен қалдықты тап, дұрыс сандарды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Бөлшектерді тап. Дұрыс сандарды таңда – сонда Полина не салатынын білесің.
Суретке қара. Жасыл шеңберді доғал бұрыштарға, ал қызылын – сүйір бұрыштарға апар.
Сонда қызықты өзгерісті көресің.