Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Төрт таңбалы сандарды екі мың шегінде құрастыру. Төрт таңбалы сандарды оқу және жазу. Төрт таңбалы санды разрядтық қосындылардың қосындысымен ауыстыру


• Сен екі мың санын әртүрлі тәсілдермен қалай құрастыруға болатынын зерттейсің;
• Сен разрядтардан төрт таңбалы сандар қалай құралады, оқылады және жазылады, соны білесің және оларды жазуды үйренесің;
• Сен төрт таңбалы сандарды разрядтық қосындыларға бөлуді және 10 000 шегінде ауызша қосу жасауды нумерация негізінде жаттықтырасың;
• Сен бірлікке келтіру есебін шешесің.



Кондитерге тортты безендіруге көмектес.
Есептеуді орында және дұрыс сандарды таңда.

Сиқыршыға артық санды табуға көмектес.
Оны таңда.

Төрт таңбалы сандар қалай құралады, қара.
Егер 1000-ға 1 қоссақ, 1001 санын аламыз.
Осы саннан кейін 1002, сосын 1003 және ары қарай.

Кубиктердің санын анықта және дұрыс санды таңда.
Сонда кран жұмыс істейді.

2000 санын қалай құрастыруға болатынын қара.
Егер 1999-ға 1 қоссақ, 2000 санын аламыз.

Сәйкестендір. Алдымен санды цифрлармен таңда, сосын дұрыс атауын таңда. Сонда балалардың көңілді ойынын көресің.

Әр санның «көршілерін» таңда.
Сонда аюдың қыста не дайындағанын көресің.

Төрт таңбалы сандардың жазылуын нумерациялық кестеде қара.
Назар аудар!
Төрт таңбалы санда бірліктер, ондаған және жүздіктерден басқа мыңдық разряд бар.
Төрт таңбалы сандар қалай оқылатынын тыңда:
бес мың үш жүз сексен екі,
үш мың екі жүз,
жеті мың жиырма,
тоғыз мың алты.
Есіңде сақта, егер қандай да бір разряд аталмаса, онда санның жазылуында сол разрядтың орнына нөл жазылады.

Симба күшікке кілттерді ілуге көмектес.
Нумерациялық кестені толтыр.
Дұрыс цифрларды таңда.

Көлікті жууға көмектес. Жазуларға дұрыс сандарды таңда.

Әр санды разрядтық қосындылардың қосындысы түрінде жаз, ең үлкен разрядтан бастап.
Дұрыс сандарды таңда – сонда балалар сарайда не білетінін көресің.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.

Тышқан Миккиге ірімшікке жетуге көмектес.
Разрядтық қосындылардың қосындысын бір санмен ауыстыр.

Ережелерді қалпына келтір. Дұрыс сөздерді таңда.

Ойлан. Үш таңбалы санды 3 есе азайтты және тағы үш таңбалы сан шықты, ол бірдей цифрлармен жазылған.
Осындай үш таңбалы сандар қанша?
Дұрыс жауапты таңда.