Тақырып   Тапсырмалар каталогы

10 000 санын құрау. Бес таңбалы сандарды құрау, оқу және жазу. Бесінші разрядтағы сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу


• Он мыңдап санауды үйренесің және бесінші разрядтағы сандардың атауларымен танысасың;
• Бес таңбалы сандар қалай құралады және оқылады, оларды нөмірлеу кестесіне жазуды үйренесің;
• Бес және төрт таңбалы дөңгелек сандарды ауызша қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді ірілендіру тәсілімен орындауға болатынын білесің;
• Бірлікке келтіру туралы кеңейтілген есепті шығарасың.



10 000 санын қалай құруға болатынын қара.
Егер 1000-ды 10 рет қоссаң, 10 000 шығады.

Сәйкес сандарды таңда – сонда сиқырлы өзгерістерді көресің.

Бұл 10 000.
10 000 және 1 бірлік – 10 001 санын құрайды.
10 000 және 2 бірлік – 10 002 санын құрайды.
10 000 және 3 бірлік – 10 003 санын құрайды және осылай жалғасады.

20 000 санын қалай құруға болатынын қара.
10 000-ға 10 000-ды қоссаң, 20 000 шығады.

Гердаға Кайды табуға көмектес.
Сәйкестендір.
Алдымен санды цифрмен таңда, содан кейін сәйкес атауын таңда.

Бес таңбалы сандардың жазылуын нөмірлеу кестесінде қара.
Төртінші орында оңнан солға мыңдық бірліктер жазылады,
ал бесінші орында – он мыңдықтар.

Алиса ғажайыптар елінде кімді кездестіреді, біл.
Сәйкестендір және сандардың цифрмен жазылуына сәйкес атауларды таңда.

Дартс ойна.
Барлық төрт таңбалы сандарды таңда.

Максимге таудың шыңына шығуға көмектес.
Зандылықты тап және сандар қатарын жалғастыр.

Зауыттық нөмірлерді қандай ретпен қою керек екенін ойлан.
Сәйкес сандарды таңда.

Әр санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз, ең үлкен разрядтан бастап.
Сәйкес сандарды таңда – сонда орманда кім із қалдырғанын білесің.

Жазуларды қара. Егер сандар үш нөлмен аяқталса, осы үш нөлді қағазбен жауып, сандарда қанша мың бар екенін білуге болады.
Бұл қосу мен азайтуды орындауды жеңілдетеді.
Есіңде болсын. Бес және төрт таңбалы сандарды қосу мен азайтуды екі таңбалы сандар сияқты орындайды.

Есептеуді орында. Сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.

Есіңде болсын. Бес және төрт таңбалы сандарды көбейту мен бөлуді разрядтық бірліктерді ірілендіру тәсілімен орындайды.

Аюларға балық аулауға көмектес.
Есептеуді орында және сәйкес сандарды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.

Олесяға ұшақ рейстерінің кестесін білуге көмектес.
Кестені толтыр және сәйкес сандарды таңда.

Дөңгелекке тиесілі нүктелерді таңда.

Ойлан, егер велосипедші жолдың жартысын және тағы 5 километр жүрсе, оған бүкіл жолдың төрттен бір бөлігі қалды.
Бүкіл жол неге тең?
Дұрыс жауапты таңда.