Тақырып Тапсырмалар каталогы
Көп таңбалы сандарды салыстыру. 100 000 санын құрастыру. Алты таңбалы сандарды құрастыру, оқу және жазу. Алты таңбалы санды разрядтық қосындылардың қосындысымен ауыстыру. Тік төртбұрыштың периметрін табу есебі
• Сандарды салыстырудың әртүрлі тәсілдерімен танысасың және көп таңбалы сандарды ыңғайлы тәсілмен салыстыруды үйренесің;
• Берілген сандардың ішінен ең үлкен және ең кішісін таңдайсың;
• 100 000 санын әртүрлі тәсілмен қалай құрастыруға болатынын зерттейсің;
• Алты таңбалы сандар қалай құралады және оқылады, оларды нумерациялық кестеге жазасың;
• Қалдықты табу және тік төртбұрыштың периметрін есептеу бойынша құрастырылған есептерді шығарасың.
• Берілген сандардың ішінен ең үлкен және ең кішісін таңдайсың;
• 100 000 санын әртүрлі тәсілмен қалай құрастыруға болатынын зерттейсің;
• Алты таңбалы сандар қалай құралады және оқылады, оларды нумерациялық кестеге жазасың;
• Қалдықты табу және тік төртбұрыштың периметрін есептеу бойынша құрастырылған есептерді шығарасың.
Әр санның «көршілерін» таңда.
Әр санды жазу үшін сәйкес цифрларды таңда.
Сонда достардың жасырыспақ ойнап жатқанын көресің.
Қайсысы қарсыластың қақпасына шайбаны соғатынын тап.
Өрнектерді есептемей салыстыр.
Сәйкес белгілерді таңда.
Есіңде сақта. Көп таңбалы сандарды салыстырудың бірнеше тәсілі бар.
Санның натурал қатардағы орнын анықтау.
Сандағы цифрлар санын анықтау.
Разряд бойынша салыстыру тәсілі.
Сандарды салыстыр. Сәйкес белгілерді таңда – сонда балалардың көңілді ойынын көресің.
Боулинг ойна. Сәйкес санды таңда.
Қысқа жазба құрастыр және есепті жоспар бойынша шығар.
Ең кіші және ең үлкен бес таңбалы сандарды жазу үшін сәйкес цифрларды таңда.
Сонда кім мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсетуге дайындалып жатқанын көресің.
Ойлан, екі теңсіздікке қандай цифр қою керек, сонда олар дұрыс болады.
Оны таңда.
100 000 санын алдыңғы санға бірді қосу арқылы құрастыруға болады.
100 000 санын басқаша қалай алуға болатынын қара.
Есте сақта! 100 000 – алтыншы разрядтың, жүз мыңдық разрядтың санау бірлігі.
Егер 100 000-ға 1 қоссақ, 100 001 аламыз.
Осы саннан кейін 100 002, сосын 100 003, 100 004 және ары қарай жалғасады.
Жазбаларға сәйкес сандарды таңда.
Кондитерге тортты безендіруге көмектес.
Әр санды ең үлкен разрядтан бастап, разрядтық қосындылардың қосындысы түрінде жаз.
Сәйкес сандарды таңда.
Разрядтық қосындылардың қосындысын бір санмен ауыстыр.
Сәйкес цифрларды таңда.
Сонда балалардың ойнап жатқанын көресің.
Есепті шығар.
Ойлан. Әкесінің жасы 32-де. Оның бір ұлына 5 жас, екіншісіне – 8 жас.
Неше жылдан кейін әкесінің жасы екі ұлының жасын қосқанға тең болады?
Дұрыс жауапты тап. Оны таңда.