Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Бірліктер класы. Мыңдар класы. Разрядтық бірліктерге көбейту және бөлу. Есептерді шығару


• Алты таңбалы сандарды жазуды және салыстыруды үйренесің;
• Математикадағы «класс» ұғымымен танысасың және бірліктер класы мен мыңдар класы қандай разрядтардан тұратынын білесің;
• 10, 100, 1000, 10 000, 100 000 сандарына көбейту және бөлу ережелерімен танысасың және оларды есептеулерде қолданасың;
• Бірлікке келтіру және екі көбейтіндінің қосындысын табу есептерін шығарасың.



Зандылықты тап және сандар қатарын жалғастыр. Сонда сен орманда кім пайда болатынын білесің.

Дмитрий микроскоптан не көретінін біл.
Сандарды салыстыр және дұрыс белгілерді таңда.

Жазбаларға дұрыс сандарды таңда. Сонда сен қыздардың көңілді ойынын көресің.

Кестені қара.
Көп таңбалы сандарды оңай оқу және жазу үшін әр үш разрядты бір класқа біріктіреді.
Бірліктер, ондықтар, жүздіктер бірінші разрядтар тобы – бірліктер класы, бірінші класс.
Мыңдық бірліктер, он мыңдықтар, жүз мыңдықтар екінші разрядтар тобын құрайды –
мыңдар класы, екінші класс.
Әр класс үш разрядтан тұрады және өзінің санау бірлігі бар.
Бірліктер класында бірліктермен, ал мыңдар класында мыңдармен санайды.
Егер кейбір разрядтардың бірліктері болмаса, ауызша санағанда олар айтылмайды, ал жазбаша түрде нөлмен белгіленеді.

Балалар көлеңке театрына қай қойылымға келгенін біл.
Кестедегі санға сәйкес жазбаны тап.
Оны таңда.

Мыңдар класы астын сызылған сандарды таңда.

Жазбаға дұрыс санды таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.

10 және 100-ге көбейту ережесін еске түсір.
Жазбаны қара.
3-ті 1000-ға көбейтсең, 3000 болады.
Немесе 1000-ды 3-ке көбейтсең де 3000 болады.
Яғни көбейткіштердің орнын ауыстырсаң, көбейтінді өзгермейді.
Сондықтан 3-ті 1000-ға көбейтсең, 3000 болады.
3-ті 10 000-ға көбейтсең немесе 10 000-ды 3-ке көбейтсең, 30 000 болады.
Сондықтан 3-ті 10 000-ға көбейтсең, 30 000 болады.
3-ті 100 000-ға көбейтсең немесе 100 000-ды 3-ке көбейтсең, 300 000 болады.
Сондықтан 3-ті 100 000-ға көбейтсең, 300 000 болады.
Назар аудар, санды разрядтық бірлікке көбейткенде оның соңында разрядтық бірліктегі нөлдер санына тең нөлдер пайда болады.

Жазбаларды қара. 10 және 100-ге бөлудің ережесін еске түсір. Көп таңбалы сандарды бөлгенде де осылай ойлан.
Соңында нөлдер бар санды 1000-ға бөлу үшін, сол саннан үш нөлді алып тастау жеткілікті.
Санды 10 000-ға бөлу үшін, сол саннан төрт нөлді алып тастау жеткілікті.
Санды 100 000-ға бөлу үшін, сол саннан бес нөлді алып тастау жеткілікті.

Сөйлемді толықтыр. Дұрыс сөздерді таңда.

Есептеуді орында
Дұрыс сандарды таңда – сонда сен белгілі ертегіден көрініс көресің.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.

Есептеуді орында. Дұрыс сандарды таңда.

Бір нүктеден неше сәуле жүргізуге болады?
Дұрыс жауапты таңда – сонда қызықты өзгерісті көресің.

Ойлан. Бөдене мен тауық бірге 28 жұмыртқа салды.
Бөдененің бір жұмыртқасының массасы – 20 грамм, ал тауықтың бір жұмыртқасының массасы – 50 грамм.
Барлық бөдене және барлық тауық жұмыртқасының массасы бірдей.
Бөдене мен тауық қанша жұмыртқа салды?
Дұрыс сандарды таңда.