Тақырып Тапсырмалар каталогы
Тік төртбұрыштың ауданын табу формуласы. Аудан өлшем бірліктері. Ортақ жұмысқа ұқсас тапсырмалар
• Берілген жоспар бойынша ортақ жұмысқа ұқсас тапсырмаларды орындайсың;
• Тік төртбұрыштың ауданын есептеу ережесін жаттайсың;
• Аудан өлшем бірліктерімен және олардың қысқартылған белгілерімен танысасың;
• Формула бойынша тік төртбұрыштардың ауданын есептейсің.
• Тік төртбұрыштың ауданын есептеу ережесін жаттайсың;
• Аудан өлшем бірліктерімен және олардың қысқартылған белгілерімен танысасың;
• Формула бойынша тік төртбұрыштардың ауданын есептейсің.
Есептеуді жазбаша орында.
Дұрыс сандарды таңда – сонда ормандағы жануарлардың қыста қалай уақыт өткізетінін көресің.
Ауданы бірдей фигуралар жұбын таңда.
Сонда қызықты өзгерістерді көресің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.
Сурет бойынша тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.
Дұрыс сандарды таңда.
Суретке қара. Тік төртбұрыштың ауданын қалай есептеу керек екенін тыңда.
Тік төртбұрыштың ұзындығы 6 сантиметр, ал ені – 3 сантиметр.
Бұл тік төртбұрышты шаршы сантиметрлерге бөлеміз.
Алдымен барлық қатардағы шаршы сантиметрлер санын анықтаймыз.
Суреттен көріп тұрмыз, тік төртбұрышта әр қатарда 6 шаршы сантиметрден үш қатар бар.
Егер бір қатарда 6 шаршы сантиметр болса, үш қатарда – 6 шаршы сантиметр үш рет болады.
Яғни, 6 шаршы сантиметрді 3-ке көбейтеміз, 18 шаршы сантиметр аламыз.
Осылайша, біз тік төртбұрыштың ұзындығын еніне көбейттік, ауданын таптық.
Енді барлық бағандағы шаршы сантиметрлер санын анықтаймыз.
Тік төртбұрышта әр бағанда 3 шаршы сантиметрден 6 баған бар.
Егер бір бағанда 3 шаршы сантиметр болса, алты бағанда – 3 шаршы сантиметр 6 рет болады.
Яғни, 3 шаршы сантиметрді 6-ға көбейтеміз, 18 шаршы сантиметр аламыз.
Осылайша, біз тік төртбұрыштың енін ұзындығына көбейттік, ауданын таптық.
Сонымен, тік төртбұрыштың ауданын әртүрлі тәсілмен табуға болады:
Тік төртбұрыштың ұзындығын еніне немесе енін ұзындығына көбейту керек.
Сурет бойынша тік төртбұрыштың ауданын есепте.
Дұрыс сандарды таңда – сонда қызықты өзгерістерді көресің.
Кесте бойынша тік төртбұрыштардың ауданын тап.
Дұрыс сандарды таңда.
Аудан өлшем бірліктері туралы тыңда.
Суреттерге қара.
Сен әртүрлі өлшемдегі шаршыларды көріп тұрсың:
Бір қабырғасы 1 сантиметр болатын шаршы
және бір қабырғасы 1 дециметр болатын шаршы.
Егер шаршының ұзындығы мен енін сантиметрмен өлшесек,
онда ауданын шаршы сантиметрмен аламыз.
Егер шаршының ұзындығы мен енін дециметрмен өлшесек,
онда ауданын шаршы дециметрмен аламыз.
Демек, 1 шаршы сантиметр – бұл қабырғасы 1 сантиметр болатын шаршының ауданы.
1 шаршы дециметр – бұл қабырғасы 1 дециметр болатын шаршының ауданы.
Аудан өлшем бірліктерінің ең жиі қолданылатындарын қарастырайық.
1 шаршы миллиметр – бұл қабырғасы 1 миллиметр болатын шаршының ауданы.
1 шаршы сантиметр – қабырғасы 1 сантиметр болатын шаршының ауданы.
1 шаршы дециметр – қабырғасы 1 дециметр болатын шаршының ауданы.
1 шаршы метр – бұл қабырғасы 1 метр болатын шаршының ауданы.
Назар аудар!
Кіші жер телімдерінің ауданын тек метрмен емес, сондай-ақ армен де өлшейді.
1 ар – бұл қабырғасы 10 метр болатын шаршының ауданы.
1 ар қысқаша 1 а деп жазылады.
Тұрмыста 1 арды «сотка» деп атайды.
Үлкен жер телімдерінің ауданын гектармен өлшейді.
1 гектар – бұл қабырғасы 100 метр болатын шаршының ауданы.
1 гектар қысқаша 1 га деп жазылады.
1 шаршы километр – бұл қабырғасы 1 километр болатын шаршының ауданы.
Жазуларға қара және аудан өлшем бірліктерінің арақатынасын байқа.
Аудан өлшем бірліктерін тап және таңда.
Сонда ғарышта не болып жатқанын көресің.
Сөйлемді толықтыр. Дұрыс аудан өлшем бірліктерін таңда.
Сурет бойынша ABCD тік төртбұрышының ауданын есепте.
Дұрыс сандарды таңда.
Ертегі елінде Нарнияда балалармен қандай сиқырлы ғажайыптар болатынын біл.
Шарт бойынша дұрыс сандық өрнекті тап және таңда.
Өрнектегі амалдардың ретін анықта. Дұрыс нөмірлерді таңда – сонда қарда кімнің ізі қалғанын көресің.
Қысқа жазба құрастыр және есепті шығар.