Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Құрама атаулы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу. Дөңгелек көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша бөлу. Құрама атаулы сандарды жай атаулы сандарға бөлу. Есептерді шешу


• Дөңгелек көп таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді үйренесің және есептеулерді орындайсың;
• Жай және құрама есептерді шешесің, атаулы сандармен арифметикалық амалдар орындайсың;
• Жай және құрама атаулы сандарды салыстырасың;
• Құрама атаулы санды жай атаулы санға қалай бөлу керектігін білесің және есептеулерді орындайсың.



Заңдылықты тап және тең шамалардың жұбын құр.
Сен хат тасушыға хаттарды пошта жәшіктеріне салуға көмектесесің.

Жас астрономдар телескоптан не көретінін біл.
Құрама атаулы санды жай атаулы санға айналдыр.
Сәйкес сан мен қысқартылған белгіні таңда.

Шартты оқы және есепті шеш.

Бөлшекті тап. Сәйкес сандарды таңда.

Шеберге көрпені әшекейлеуге көмектес.
Есептеуді орында және сәйкес сандарды таңда.

Дөңгелек көп таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді қарастырайық.
Бірінші толық емес бөлінгіш – 11 мыңдық.
Сонда бөліндіде 5 цифр болады.
Бөліндіде қанша мыңдық болатынын табайық.
11-ді 8-ге бөлеміз, 1 мыңдық аламыз.
Бөліндіде мыңдық орнына 1 цифрын жазамыз.
Барлығы қанша мыңдық бөлінгенін білейік.
8-ді 1-ге көбейтеміз, 8 мыңдық аламыз.
Қалдығы – 3 мыңдық.
Екінші толық емес бөлінгіш – 36 мың.
Бөліндіде қанша мың болатынын табайық.
36-ны 8-ге бөлеміз, 4 мың аламыз.
Бөліндіде мың орнына 4 цифрын жазамыз.
Барлығы қанша мың бөлінгенін білейік.
8-ді 4-ке көбейтеміз, 32 мың аламыз.
Қалдығы – 4 мың.
Үшінші толық емес бөлінгіш – 40 жүздік.
Бөліндіде қанша жүздік болатынын табайық.
40-ты 8-ге бөлеміз, 5 жүздік аламыз.
Бөліндіде жүздік орнына 5 цифрын жазамыз.
Барлығы қанша жүздік бөлінгенін білейік.
8-ді 5-ке көбейтеміз, 40 жүздік аламыз.
Қалдық жоқ.
Бөлінгіштің ондық және бірлік орындарында – нөлдер.
Сондықтан бөліндіде осы разрядтардың орнына нөлдер жазамыз.
Яғни, 116 000 бен 8-дің бөліндісі – 14 500 саны.

Жазбаша есептеуді орында.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен қандай жануарлар қысқы ұйқыға кететінін білесің.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.

Бөлшекті тап.
Сәйкес сандарды таңда – сонда сен балалар аквапаркта уақытын қалай өткізетінін білесің.

Полинаға велосипедті жөндеуге көмектес.
Шамаларды салыстыр, сәйкес белгілерді таңда.

Артемге құбырды жөндеуге көмектесу үшін есептеуді орында. Сәйкес сандарды таңда.

Есепті шешейік.
115 тонна 6 центнер қарақұмықты қаланың балабақшаларына әрқайсысына 2 центнерден таратты.
Қаланың қанша балабақшасы қарақұмық алды?
Қаланың қанша балабақшасы қарақұмық алғанын білу үшін,
жалпы салмақ 115 тонна 6 центнерді 2 центнерге бөлу керек – әр балабақша алған қарақұмықтың салмағы.
Есептеуді ыңғайлы орындау үшін алдымен құрама атаулы санды жай атаулы санға айналдырамыз.
115 тонна 6 центнер – бұл 1156 центнер.
Яғни, 1156 центнерді 2 центнерге бөлу керек.
Содан кейін жазбаша есептеуді орындаймыз.
1156-ны 2-ге бөлеміз.
Жауабы – 578.
Сонымен, 578 балабақша қарақұмық алды.
Жауапты жазайық.
Есепті шешкенде, біз атаулы санды атаулы санға бөлдік – нәтижесінде атаусыз сан алдық.
Есте сақта! Егер атаулы санды атаулы санға бөлсең, нәтижесінде атаусыз сан аласың.

Құрама атаулы санды жай атаулы санға айналдыр.
Сәйкес сан мен қысқартылған белгіні таңда.

Есепті оқы.
Есептің шешімі болатын өрнекті таңда.

Билбордтарда не бейнеленгенін біл.
Құрама атаулы санды жай атаулы санға айналдыр.
Сәйкес сан мен қысқартылған белгіні таңда.

Шартты оқы және есепті шеш.