Тақырып   Тапсырмалар каталогы

Көп таңбалы сандарды бір таңбалыға жазбаша бөлу, бөлінетінде нөлдер болғанда. Құрама атаулы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу. Құрама атаулы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмі. Есептерді шешу


• Көп таңбалы санды бір таңбалыға жазбаша бөлу тәсілімен танысасың, егер бөлінетінде нөлдер болса, және есептеулерді орындайсың;
• Құрама атаулы сандарды қарапайым атаулы сандарға және керісінше – қарапайым атаулы сандарды құрама атаулы сандарға айналдырасың;
• Құрама атаулы санды бір таңбалыға қалай бөлу керек екенін білесің және алгоритмді есептеулерде қолдануды үйренесің.



Баскетбол ойна.
Шамаларды салыстыр және дұрыс белгілерді таңда.

Қысқа жазба құрастыр және есепті шеш.

Жазбаша есептеуді орында.
Дұрыс сандарды таңда.

Көп таңбалы санды бір таңбалыға жазбаша бөлу тәсілін қарастырайық, бөлінетінде нөлдер болғанда.
63 054 санын 9-ға бөлеміз.
Бірінші толық емес бөлінетін – 63 мың.
Демек, бөліндіде 4 цифр болады.
Бөліндіде қанша мың болатынын табайық.
63-ті 9-ға бөлеміз, 7 мың аламыз.
Бөліндіде мыңдар орнына 7 цифрын жазамыз.
Барлығы қанша мың бөлінгенін анықтайық.
9-ды 7-ге көбейтеміз, 63 мың аламыз.
Барлық мың бөлінді, қалдық жоқ.
Бөліндіде қанша жүз болатынын табайық.
0-ді 9-ға бөлеміз, 0 аламыз және оны бөліндіде жүздер орнына жазамыз.
5 ондық – келесі толық емес бөлінетін.
Бөліндіде қанша ондық болатынын табайық.
5-ті 9-ға ондық ретінде бөлуге болмайды.
Сондықтан бөліндіде ондық орнына 0 жазамыз.
Бірліктерден толық емес бөлінетін құрамыз.
5 ондық – бұл 50 бірлік және тағы 4,
54 бірлік аламыз.
Бөліндіде қанша бірлік болатынын табайық.
54-ті 9-ға бөлеміз, 6 аламыз.
Бөліндіде бірліктер орнына 6 цифрын жазамыз.
Қанша бірлік бөлінгенін анықтайық.
9-ды 6-ға көбейтеміз, 54 бірлік аламыз.
54-тен 54-ті аламыз, 0 қалады.
Қалдық жоқ.
Демек, 63 054 пен 9-дың бөліндісі – 7 006 саны.
Сандардың бөліндісін қалай тапқанымызды қара.
Есіңде болсын! Егер келесі толық емес бөлінетін берілген санға бөлінбесе,
онда бөліндіге нөл жазамыз.
Назар аудар, егер бөлінетінде мың, жүз немесе ондық орнына нөлдер тұрса,
онда бөліндіде осы разрядтардың орнына да нөлдер қоямыз.

Нео роботына батарея қуатын қалпына келтіруге көмектес.
Жазбаша есептеуді жалғастыр, дұрыс сандарды таңда.

Артем не жасайтынын біл.
Бөліндіні тап, дұрыс сандарды таңда.

Балаларға конструктор жинауға көмектес.
Құрама атаулы сандарды қарапайымға айналдыр.

Есепті шешейік. Көкөніс базасынан 351 тонна 9 центнер қырыққабатты 3 супермаркетке бірдей бөліп апарды.
Әр супермаркет қанша қырыққабат алды?
Әр супермаркет қанша қырыққабат алғанын білу үшін, жалпы қырыққабат массасын – 351 тонна 9 центнерді супермаркеттер санына – 3-ке бөлу керек.
Есептеуді ыңғайлы орындау үшін, алдымен құрама атаулы санды қарапайым атаулы санға айналдырамыз.
351 тонна 9 центнер – бұл 3 519 центнер.
3 519 центнерді 3-ке бөлу керек.
Содан кейін жазбаша есептеу орындаймыз.
3 519-ды 3-ке бөлеміз және 1 173 центнер аламыз –
қарапайым атаулы сан.
Қарапайым атаулы санды құрама атаулы санға ауыстырамыз:
1 173 центнер – бұл 117 тонна 3 центнер.
Сонымен, әр супермаркет 117 тонна 3 центнер қырыққабат алғанын білдік.
Жауабын жаз.
Есепті шешкенде, біз атаулы санды атаусыз санға бөлдік – нәтижесінде атаулы сан алдық.
Есте сақта! Егер атаулы санды атаусыз санға бөлсек, нәтижесінде атаулы сан аламыз.
Құрама атаулы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін есіңде ұста.
Құрама атаулы санды қарапайым атаулы санға ауыстыр.
Сандарды бөл.
Нәтижесінде қарапайым атаулы сан ал.
Қарапайым атаулы санды құрама атаулы санға ауыстыр.

Құрама атаулы санды қарапайымға айналдыр.
Дұрыс сандар мен қысқартылған белгіні таңда.
Сонда сен үңгірде кім пайда болатынын көресің.

Кесте бойынша есептің шешуі болатын өрнекті таңда.

Карлсонға тапсырманы орындауға көмектес.
Құрама атаулы санды қарапайымға айналдыр.
Дұрыс сан мен қысқартылған белгіні таңда.

Шартты оқы және есепті шеш.

Есепті оқы. Ойлан және дұрыс жауапты таңда.